Көрші елдердің бізге қызушылығы басым

 Тұңғыш Президент күніне арналған xалықаралық конференцияда ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов: «Халықаралық кездесулер барысында біздің көршілес елдеріміз, жалпы әлемнің басқа мемлекеттері тарапынан Қазақстанның даму үлгісіне, жаңғыру шараларына шынайы қызығушылықтың бар екенін, оның ұдайы артып келе жатқанын нық сеніммен айтуға толық негіз бар. Бүгінде тәуелсіз Отанымыз әлемге өзінің баянды саяси тұрақтылығымен, кешенді экономикалық дамуымен, бай мәдениетімен кеңінен танымал. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып сайландық. Сириядағы қанды жанжалды реттеу бойынша Астана процесін қабылдаудамыз. «Болашақ энергиясы» деген аса өзекті тақырыпта ЭКСПО—2017 Халықаралық көрмесін өткіздік. Осындай қомақты табыстарымыз Қазақстанның әлемдік аренада өзінің лайықты орнын тапқанын көрсетеді. Шет мемлекеттер, оның iшiнде көрші елдер Қазақстанға қызыға қарайды. , деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. Бүгiн Тұңғыш Президент күнiне арналған «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделi» халықаралық өтiп жатыр. Жиынға Ресей, Әзербайжан, Түркия, Болгария, Мажарстанның парламент басшылары, бiрқатар шет мемлекеттiң парламент депутаттары мен Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестiрушiсi Норимаса Шимомура қатысып отыр. Біз  көршілерімізбен Орталық Азия елдері басшыларына арнап консультация өткізу бастамаларын жандандыру мәселелерін қарастырып жатырмыз. Елбасымыздың төрағалығымен осы кездесуді Наурыз мерекесі қарсаңында өткізсек деген ниетіміз бар», — деп мәлімдеді.

Ермек Сахариев