Жас қазақ Жатты жауын жаныштап…

Елбасының «Болащаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық патриотизімді қалыптастырудың басым бағыттары айқындалған. Осы бағдарламалық мақсатқа сай Еңбекшілдер ауданының орталығы Степняк қаласында осы өңірдің тумасы, Ұлы Отан соғысында шейт болған, «Жас қазақ» әнінің авторы, жауынгер-композитор Рамазан Елебаевқа кеуде мүсін қойылып, ашылу салтанаты болды

. Келесі сәтте алғашқы әуен байсалды қалпынан кенет өзгеріп биікке көтеріледі, самғай жөнеледі

Жас қазақ Қар жамылған кең дала, қанға бөгіп, Күркіреді сұр аспан өлім төгіп….деп, баяулата басталған ән….

…Жас қазақ Атылды оқ боп, көре сап…

Алтын шапақ ақ иек атқанда таң, Қалғанынша денеде бір қасық қан. Жас қазақ Жатты жауын жаныштап, — деп, қан майданда қас дұшпанымен алысқан ердің айбынды үні кеңдаланы жаңғыртып, күмбірлете келе….сабырлы қалыпта….

…Ел қорғаған майданда жас арыстан, Тоқтаровтай артында қалар дастан. Жас қазақ, Міне, саған мәңгі бақ!. — деп,сол күннің жеңісі, бүгінгі гі күннің жемісін, келешектегі қазақ елінің. Жас қазақ елінің тәуелсіздігін паш етіп тұрғандай сезім билеткен жігерлі әнді зор дауыспен, елге танымал дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов орындап бітсімен, жүргіз ушілер Еңбекшілдер ауданның әкімі АсқарҚиықовпен ән авторы Р.Елебаев тың жиені Қарлығаш Махатованы ортаға шақырды.

Жиынды ашып, сөз алған Асқар әкім: – Елдің есінде, жақындарының жүрегінде қалған жауынгер, суретші,

композитордың бейнесін келер ұрпақ ұмытпасын деп қолға алған игі ісіміз еді. Рухани жаңғыруда, патриоттық болмысты қалыптастыру, сақтау, жас ұрпаққа жеткізу жайлы , елбасының мақаласындағы мақсатты орындаудың ұлгіс болсын, деп, осы кеуде мүсінді орнаттық. 2010 жылы Құдықағаш ауылының 80 жылдығы мен Р. Елебаевтың 100 жылдығына орай, ауыл мектебіне жауынгер-композитор есімі беріліп, мұражайы ашылды. Елдің қолдауымен «Рамазан Елебаев елі» атты кітап жарық көрді. Болашақта, жалынды жауынгер, патриот сазгер атына көше беруде ойда тұр. Қазақтың гимі болған «Жас қазақ» әні арқылы Рамазан Елебаевты бүкіл қазақ даласы біледі. Екерткіштің ашылу салтанатымен барша халықты құттықтаймын! – деді. Алматыдан келген мейман Қарлығаш Махатова нағашы ағасы жайлы естеліктер айта келе, мүсін орнатуға ат салысқан аудан әкіміне, қоғам белсенділеріне, мүсінші М.Бұрмағановқа алғысын жеткізді. Өкініштісі, жалынды жауынгер, ұлтына ұран боларлық ән жазған сазгердің Алматылық жиені қазақшаға таяз болғандықтан, орысша сөйлеуге мәжбүр болды. Жиналған жұртта, күбір, сыбыр болып қалды. Амал, не…

Ескерткіштің ашылу сәті.. Солдан: Жауынгер – сазгер Р.Елебаевтың жиені Қ.Махатова және Еңбекшілдер ауданының әкімі А. Қиықов.

Салтанатты жиыннан соң жиылған жұрт сазгердің туған ауылы Құдықағашқа аттанды. Ауыл іргесіндегі Рамазанның әкесі Ержан Елебаев жерленген қорымға ауыл ақсақалдары бастаған қауым барып құран оқып дұға бағыш тады. Рамазан Елебаевтың туғанына жүз жыл толу қарсаңында Ресейдің Псков облысы Новосокольники селосындағы бауырластар зиратындағы Рамазанның бейітінен топырақ әкелініп, осы әкесінің қабіріне салыпты. Арнайы жоба жасап, сазгерге мұражай ашуға ымұрындық болып, қоршаусыз қалған қорымды қоршатып, «Рамазан Елебаев елі» атты кітап жазып, жалынды жауынгер- сазгерді елге танытқан, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Мейрамбек Қиықов ағамыздыңда еңбегінде атап өткен жөн сияқты.

Қан майданда қазаққа ұран болған «Жас қазақ» әнінің авторы кім еді.

Рамазан Елебаев Еңбекшілдер ауданының Құдықағаш ауылында 1910 жылы дүниеге келген. 1930 жылы әскерде жүріп, Сәкен Сейфуллиннің өлеңіне «Жолдастар» маршын жазды. 1931- 37 жылдары Қазақтың мемлекеттік драма театрында актер атанып, Әміре Қашаубаев, Қалибек Куанышбаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров сынды қазақ театр өнерінің қара шаңырағын көтерген тарланбоздардың тәлімін алып,талай күрделі ролдерді жемісті ойнайды. 1936 жылы Қазақстан өнер саңлақтарының Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысып “Қуанышты жолсапар” әнін жазады. Рамазан бала кезінен сызылтып ән салады, түрлі аспаптарда ойнайды, әсіресе сырнай, гармонь ойнауға ықыласты болады. Рамазан тамаша музыкант, он саусағынан өнері саулаған суретші болыпты. Ол осындай тұңған талант бола тұрғанымен сазгерлікті таңдайды. Осы қырын таныған Ахмет Жұбанов Рамазанды 1937 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеудің мемлекеттік театр өнері институтына оқуға түсіреді. Бірақ соғыс басталып, толық бітіре алмапты.1942 жылы өз еркімен Алматыда жасақталған 8-гвардиялық Панфилов дивизиясының атқыштар полкіне ілеседі. Полк сабында жүріп өнерпаздардың концерт бригадасын ұйымдастырып, дивизия солдаттарына өнер көрсетіп жүреді. Өнер көрсете жүріп Рамазан «Талғар полкінің маршы», «28 батыр», «23-полк маршы» әндерін жазады. Оның ең көрнектісі 1942 жылы Елебаевтың Бородинотүбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі “Жас қазақ” әні еді. 1944 жылы 10 сәуірдегі Ново-Сокольники деген қала маңындағы сұрапыл шайқаста, жауға қарсы атой салып бара жатқан Рамазанның қасына жау минасы жарылып, ерлікпен қаза болады. Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен екі мәрте және медальдармен силанады.

«Жас қабір» әнінің шығуы, оның «Жас қазақ» болып өзгеруі.

Алладан аян беріледі деп, үлкендер айтып отыратын. «Жас қазақ» әнінің туыуы аян іспетті. Неге. Оны Мәлік Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» кітабындағы Төлеген Тоқтаровпен Рамазан Елебаевтың әңгімесінен көрелік. Онда:

-Менің бір сұрағым: әдемі ән ерліктен туа ма, әлде әдемі әннен ерлік туа ма?-деді Төлеген.

-Өзің қалай ойлайсың?- деп, қарсы сауал салды Рамазан.

-Менің түсінуімше, әдемі әннің шығуына әйгілі ерлік себепкер болса керек. Ерлік болса ән туады, ал ән қанша әдемі болғанымен де айтулы ерлікті тудыра бермеуі мумкін.

-Төлегеннің бұл айтқаны дұрыстыққа келеді,-деді Рамазан ойлана сөйледі.-Асылында, әдемі ән үлкен оқиғадан туады. Сондай ән шығару міндетін мен алайын, бірақ оның тууына себеп болатын ерлікті сіздер алыңыздар.

-Болсын. Бұған біз де келістік,-деп күлді Төлеген… Міне, Алланың қалауы, тағдырдың жазуы деген осы. Кеңес дәуірінде Алла, аян туралы айтсаң ышқынып, ыршыр едік. Бүгінше, тағдырға, оны жазушы, жасаушы Алла екеніне сенбейтін жоқ шығар… Сол кезде, екеуі, қазақ елінің есінде мәңгі қалатынын, бірі аңызға бергісіз ерлік жасаса, бірі сол ерлікті өшпестей етіп, еліне мұра етерін, білді ме…. екен.

Жазмыштан, озмыш жоқ. 1942 жылдың қаңтар айында қиянкескі ұрыста Төлеген Тоқтаров аңыздағыдай ерлік жасап қаза болды. Ердің артында тоң топырақ үйліп жас қабір қалды.

Қәбір басында Рамазан уәдесін есіне алып, серт етті.

-Бақыл бол. Батыр бауырым!.. Сені мәңгі есте қалдыратындай ән арнаймын өзіңе!-деді. Ерлер сөзі екі болмады, уәделер орындалды. Рамазан әннің сөзінде, сазында өзі жазып «Жас қабір» деп атайды.

Бұл атау Мәлік Ғабдуллинге ұнамай «Жас қазақ» болсын!- депті. Т.Тоқтаровқа Кеңес одағының батыры атағы берілді. Ер жүрек автоматшы бір тәулік ішінде жаудың 150 әскерін жойғаны деректерде жазылған. 1942 жылдың қысында бас көтеруге шама келтірмей тұрған жау шабулы 100 метр қалғанда рота әскерлерін шабулға көтеріп, жауды шегіндіреді. Осы ұрыста есіл ер қаза табады.

Орта мектепте жүргенде оқулықтан:- Т.Тоқтаровтың ерлігі жайлы мына бір оқыған эпизод, еске орала береді. Ротаны жау шабулына қарсы көтерген Төлеген автоматпен оқты қарша боратып, жауды жайпап барады. Сол кезде

снарьд жарықшағы Төлегеннің ішне тиіп, қарны ақтарылып жерге түседі. Оғыда бітеді. Бірақ, оған қараған Төлеген жоқ. Ақтарылған қарнын ішне сала салып, қашқан жауды артынан, ішегін шұбатып қуа жөнеледі. Төлегеннің жарасын көрген жау офицері Төлегенге қайыра тап береді. Ержүрек ер автоматымен жау офицерін хақ бастап бір переді. Жауда мұртай ұшады, автомат хақ бөлінеді.Қайта атылған жацу пулемемутның оғы Төлегеннің кеудесін осып өтеді. Есіл ер құлап түсті…. дегеп, оқығаным, осыны жазып отырғанда еміс еміс еске түскені. Қәзір осындай батылдықты, көзсіз қаһар мандықты дәріптеген, оқиғалар, бүгінгі күннің оқулығында барма екен…

1943 жылдың қаңтар айында Панфилов дивизиясына жазушы Ғабиден Мұстафин, халық артисі Жүсіпбек Елебеков бастаған бір топ, мәдениет қайраткерлері барады. Ғабиден мен Жүсіпбек Рамазанның майданға шығарған ән-марштарын тыңдайды, “Жас қазаққа” жоғары баға беріп Рамазанның өз орындауында жазып алады. Оны майдандағы жігіттердің сәлемдемесі ретінде туған елге алып қайтады. Бірақ, әннің сөзі солғын, жігерсіздеу болады. Осыған сай Жүсіпбектің қолқалауымен әннің сөзін Ғабиден қайта жазады. Ән түбегейлі «Жас қазақ» атанады.

Қазақстанның халық артисі Жүсіпбек Елебеков «Жас қазақты» :

– Бұл әннің әні, ән емес-ау өлмес ерліктің дастаны . – деп бағалаған екен. Біз не қосамыз. Қосарымыз «Жас қазақ» әні, оның кейіпкері, авторы, елбасымыздың рухани жаңғыру жайлы әр қазаққа түсінетіндей нақты жазып, көрсеткен патриотизм мен, ерліктіі, қазақы болмыстың өшпес үлгісі деп, тану. Осындай патриот тық әндерді, әр жас ұрпаққа кеңінен насихатап, үйретуді қолға алу керек. Қазақтың әр ауылы, тұңған тарих,сол тарихыты ақтарып, кейінгі ұрпаққа жалғайтын біздің көкірегіміз ояу, көзіміз ашық болуы шарт. Елбасы ұлықтаған руһани жаңғыру дегеніміз, руһты асқақтат ып, ана тілді ардақтап, намыспен, қайрат ұштасқан қазақы болмысты аяғынан тік тұрғызу.

Дахан Шөкшир