ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ!

Қазақта жау бар; «қуатты, қатерлі жау». Күн озған сайын күш алып, тамырын тереңге жәйіп барады, ақыры түпке жетсе, сол ғана жетеді.
Ол қандай жау? Кім? Кім емес, не..?!
Бүгінгі қазақтың жалғыз-ақ жауы бар. Ол — ұлттық сананың кемдігі. Өзін-өзі қор тұту, өзін-өзі кемсіту, өзіне тиесілі сыбағаға ұмтылмау, былайша айтқанда — ұлтсыздық.

«Қазақтың жауы-қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы-неміс» деп ешкім айтқан жоқ,Корея екіге бөлінгенде»Кәрістің жауы-кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам екіге бөлінгенде «вьетнамның жауы-вьетнам»деп ешкім айтқан жоқ.»Адам-адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанымен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ-қазаққа жау»  деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды.

Мұхтар МАҒАУИН