Арыс қаласында фельдшерлік амбулаториялық бекет қолданысқа берілді

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Арыс қаласындағы Саналы және Шағыр елді мекендерінде  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекет қолданысқа берілді.

Бұл нысанның ашылуымен жаңадан жұмыс орындары құрылып, қаланың туристiк әлеуетi арта түспек.  Жаңадан ашылған екі қабатты ғимаратта заман талабына сай жасақталған қонақ бөлмелер, асхана, автокөлік жуу, автокөлік жөндеу цехтары орналасқан.

Мұнда күнделікті денсаулығына  шағымданған жандарға кез-келген көмек көрсетілетін болады. Медициналық нысанда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Осы күні Арыс қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер М.Ержігітовтың бастамасымен жаңадан бой көтерген заманауи «MADANI» қонақ үй кешені де ашылды.

Денсаулық сақтау нысандары елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында ел игілігіне пайдалануға беріліп жатқанын, «Мемлекеттің басты байлығы – халық. Ал халықтың басты байлығы – денсаулығы. Бұл үшін әр елдімекенді ауруханамен қамтамасыз ету бағытында жұмыс атақаруымыз тиіс!», — деген қала әкімі М.Қадырбек барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Асхат Болжанаров