Елбасы неміс бизнесмендерімен кездесті

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Германия Федеративтік Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесті. Кездесуге Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, «Кнауф» компаниясының иесі Николас Кнауф және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рольф Мафаэль қатысты. Астанаға іскерлік сапармен келген неміс бизнесмендеріне табыс тілеген Мемлекет басшысы: «Астанаға қош келдіңіздер. Сіздердің делегацияларыңыз мықты құраммен келіпті. Сіздер Үкіметте кездесулер өткізіп, Қазақстанның бизнесмендерімен де жолығасыздар. Бұл кездесулердің жемісті болатынына сенімдімін», – деп, биылғы қазан айында Сочи қаласында Германия Федеративтік Республикасы іскер топтар өкілдерімен өткізген кездесуінің нәтижелі болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан неміс компанияларының көп екенін айтып, екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Германия экономикасы Кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Сочи қаласындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталған  Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле: «Қазақстан мен Германия арасында қарқынды экономикалық қарым-қатынас орнады. Оның дамуы 2017 жылы оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл ретте, Қазақстаннан Германияға жөнелтілетін импорттың артып келе жатқанын атап өткен жөн», – деді.