Электронды түрде қызмет алу қолжетімді болады
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеген еді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті электронды түрде қызмет алудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «memkyzmet.kz» сайтының «egov.kz» айдарына электронды түрде қызмет алу тәсілдері атты екі тілде бейнеролик әзірлеп орналастырды.
Департамент мамандары елімізде электронды түрде көрсетілген қызметтер үлесінің төмен болуы, халықтың компьютерлік сауаттылығының төмендігі мен қызметтерді электронды түрде алу тәсілдерін жетік меңгермеу салдарынан. Электронды қызмет алу тәсілдерін меңгеруге септігін тигізетін бұл бейнеролик, алдағы уақытта өз жемісін береді деп сенеміз дейді.
Еркебұлан. Назарұлы,
ОҚО.