Оңтүстікте қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін «Golden camel group LTD» кәсіпорны іске қосылады

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін  «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болып, жұмыс барыстарымен танысып қайтты. Жансейіт Қансейітұлының айтуынша, «Түйе мен биенің сүтінен құрғақ өнім дайындайтын зауыттар облыс үшін өте тиімді. Өйткені өңірде түйе шаруашылығы дамитын болады. Сондай-ақ, жергілікті жұрт жұмыспен қамтылады. Бастысы, отандық шипалы өнімді шетелге экспорттауға мүмкіндік туады», — деді.

Индустриалды аймақта салынып жатқан инфестициялық жоба келер жылдың мамыр айында іске қосылады. Әзірге нысан құрылысының 75 пайызы аяқталған құрылыстың барысымен танысқан облыс басшысы мұндай зауыт ТМД елдерінде баламасы жоқ екенін және бұл жобаның өңіріміз үшін маңызды екеніне тоқталып өтті.

Әкім осы жылдың шілде айында іске қосылған Оранғай ауылдық округіндегі «Инар А.С.» жылыжай кешенін аралап көріп, қызанақтың өнімділігін байқады. Аумағы 0,5 гектарды құрайтын жылыжайдан бүгінге дейін 20 тонна қызанақ алынған,  40 тонна шамасында өнім беретін кешенде қызанақ пісудің алдында тұр. Құны 45 миллион теңгені құрайтын кешенде 10 адам жұмыс жасйды, алғашқы өнім Түркістан базарына шығарылды дейді»- кәсіпкер Инара Намазбаева.

Жалпы құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын зауыт болашақта жылына 2500 тонна құрғақ сүт өндіреді. Инвестициялық жоба іске қосылғанда 150-ден астам азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлап отыр.  Кейін мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Қытай, Сауд Арабия, Гонконг елдеріне экспортталмақ.

 

Ерлан. Сабыржанов