Оңтүстікте мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары төленбегені анықталды
Республикамыздың Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылады. Жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітіліп, Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің memkyzmet.kz сайтына ақпараттарды салды. Соның нәтижесінде азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін департаментке емес, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне тікелей шағымдануға барлық жағдайлар жасалған.
Кеңес мүшелері Ә. Досболов пен «Азаматтық Альянс» ассоциациясының мүшесі А.Ахметов жеке қабылдау өткізіп, бірқатар іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары төленбегенін анықтаумен қатар, пилоттық жобаны халыққа таныстыру үшін облысымыздағы әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Сарыағаш, Созақ аудандарына арнайы барып, жергілікті халықпен кездесті.
Мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары төленбеген кемшіліктің негізінде облыстың барлық аудан, қала әкімі аппараттарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жыл басынан 1824 қызметшінің іссапар шығындары өз уақытында төленбегені анықтады және осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында А.Ахметовтың ұсынысымен тұрақты түрде мониторинг жүргізетіндігі жөнінде тиісті хат жолдануымен қатар, аталған мәселе әдеп жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды.
Ерлан. Сабыржанов, ОҚО.