«»Келешекте 30-ға жуық су қойманың құрылысы басталады»-дейді Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Түркістан қаласы маңындағы Үшқайық ауылдық округіндегі сапар барысында ауыл тұрғындарының қатысуымен жаңа «Қарашық» шағын су қоймасы пайдалануға берілді.
Су қойманың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы өңірде мұндай су қоймалардың саны болашақта артатынын айтуымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте 30-ға жуық су қойманың құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап суармалы жерлерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктің көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін береді», — деп ерекша атап өтті . «Қарашық» шағын су қоймасының құрылысын «СМК и Ж-7» ЖШС-і жүргізген. Құрылыс нысанын салуға 471,4 млн теңге жұмсалыпты. Жалпы қоры 2 млн. м3 суды сақтауға қауқарлы су қоймасы енді 350 гектар аумақты суғаруға тікелей септігін тигізетін болады. Бүгін ел игіліне берілген су қоймасының көмегімен алдағы уақытта Үшқайық ауылдық округінде жүгері, жоңышқа, бақша дақылдары егілетін болады.
Ерлан. Сабыржанов