Мақтаралдықтар «Өрлеу» жобасының арқасында жеке кәсіптерін ашып жатыр

Мақтарал ауданындағы көптеген отбасылар «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп жатыр. Осы жылдың өзінде 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобаның жемісін көріп отырғаны туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі жария етті.

ОҚО бойынша «Өрлеу» жобасына қатысқандардың 14,9 пайызы, қаржылай көмек алғандардың 22,5 пайызы мақтаралдықтар. Жобадан қаржылай көмек алғандардың 70 пайызы мал шаруашылығымен айналысса, қалғандары құс шаруашылығы, сауда-саттық, өндіріс т.б. кәсіппен айналысып, табыстарын  3,4 есеге өсіріп өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Игамкулова Гулсинай жобадан 472 мың теңге алып, жеке дүкенін ашып, отбасын асырап отырғаны «Өрлеу» жобасының және Елбасымыздың саясатының арқасында дейді.   567 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті мақсатты түрде жұмсап, ағаш өңдеп, жиһаз жасау цехын ашқан Кузайдаров Асылбекте бұл жобаның иігілігін көрушілердің бірі. Ал осы жылы бағдарлама арқылы мақтаралдықтар жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек алыпты.

 

Ерлан. Сабыржанов, ОҚО.