«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Zoodel-мен бірге жаңа жобаны іске асырмақ
«Оңтүстік» АИО қолдаған тауар өндірушілердің өнімдерін бөлшектік экспорттауды ZoodMall Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы дамыту және RIC ON EXPORT бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Оңтүстік»аймақтық инвестициялық орталығы және «Zoodel» халықаралық онлайн-сауда алаңы арасында өзара ынтымақ тастықтуралы меморандумға қол қойылды. Бағдарламаға қатысушылар бұл ынтымақтастықтың басты мақсаты дейді. Қойылған шарттарын іске асыру үшін «Zoodel» B2B сайтында алғашқы 50 кәсіпкерлердің өнімдерін орналастыру, кәсіпорындардың 5 тілдегі мамандандырылған парақшаларын жасау, шет елдердің тендерлік ақпараттарына қолжетімділікті ұйымдастыру, өнімдерді тексеру және сатып алушылардың сәйкестігін растау бойынша қызметтер, қауіпсіз төлемдер, жеткізу қызметтері сияқты тұтынушылар үшін жайлы жағдай жасауды жоспарлап жатыр.
Платформа үздік халықаралық онлайн-сайттарда 300 миллионға жуық әлеуетті сатып алушылармен бөлшек сатуды жүзеге асырылып, «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық орнату әлемнің және Қазақстанның кез-келген өңіріне өнімдерді жеткізіп беруіне жағдай жасайды.
«RIC ON EXPORT» ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасының аясында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы тарапынан Жібек жолының мақсатты нарықтарында өнімдерді тиімді ілгерілету, сондай-ақ, Zoodel-мен бірге экспорттаушы бұрышын ашу мақсатында нарықты зерттеу мәселелері мен баға белгілеу саласына қосымша қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Ал бұрындары, Ресейдің Новосібір қаласында өткен «Фудсиб» жемістер мен көкөністер көтерме және бөлшек сауда кешенінің ашылу рәсімі барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Новосібір қаласындағы «Фудсиб» сауда кешені арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Бүгінде компанияда Ресей Федерациясына өнімдерді экспорттауды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету және кешенді қызмет көрсету үшін арнайы жұмыс тобы да құрылып үлгерген.
Ерлан. Сабыржанов