Жекеменшікке өткен жайылым жерді қалай пайдаланамыз?

«Нұр Отан» партиясының «Агросектор бағыты» бойынша комиссия отырысында билығы жылы қабылданған «Жайылым жер туралы» заңның әлі күнге дейін өз деңгейінде жұмыс істемей отырғандығы талқыланды.

Жиынға қатысушалрдың айтуынша, ауыл-аймақ маңындағы жерлерді әркім иемденіп иә сатып алған. Жекеменшікке өткен жайылым жерді мемлекет халыққа бірлесіп пайдалану мақсатында қайтарып бермекші. Аталған мәселеге қатысты өз ойын ортаға салған ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Амангелді Дәуренбаев: «Бұл, әрине, өте ауыр мәселе. Кезінде елдер ол жерді қолдарына алып, көбісі әлі күнге пайдаланып отыр. Енді бұл жерді ауылдың маңындағы орталық пайдалануға қайтіп алу, әрине, ауыр. Ол жерді барып мемлекеттің мүддесінде тартып алуға тағы болмайды.

Егер оны біреулер сатып алса, оған сол жер теліміне кадастрлық бағамен ақшасын төлеп, жерді кері қайтарып алу керек. Егер жалда тұрса, 10 гектар ма, 100 гектар ма, сол жерді басқа жерден тауып беру керек.Қазір елде 180 миллион гектар жер болғанымен, оның 82 миллион гектар жері ғана жайылымға пайдаланылып отыр»,— деп, мәселені шешу жолын көрсетпек болды. Бірақ, бұған ауыл тұрғындары келісе қойса деңіз.