Әлемде қару саудасы өсті 

Deutsche Welle: «2016 жылы АҚШ қару сатудан әлем бойынша көш бастады. Екінші орында Ұлыбритания, үшінші орында — Ресей тұр.

2016 жылы жаһандық қару нарығы соңғы бес жылда алғаш рет  артты: Жаһандық қару саудасы 2015 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға, ал 2002 жылмен салыстырғанда 38 пайызға өсті.

Мұны Стокгольм әлем мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) 11 желтоқсан, дүйсенбі күні жаңартылған жаңа мәліметтері растайды»,— деген ақпаратты жария етті.

Баяндамада мәлімденгендей, әлемнің 100 ірі қорғаныс концернінің жиынтық саудасының көлемі («Топ-100») 2016 жылы 374,8 млрд долларды құрады.

Сонымен қатар, бұл көрсеткіште әлемдік көшбасшы ретінде АҚШ өз орнын сақтап қалды: 2016 жылы америкалық кәсіпорындар әскери өнімдер сатылымын 4 пайызға арттырып, 217,2 млрд долларға қол жеткізді.