Украина Еуропадағы ең кедей ел
Texty.org.ua сайты: «Украиналық сарапшылар өздерінің антирейтинг лидері екендерін мойындап, Еуропадағы ең кедей мемлекеттердің тізімін жасады»,— деп хабарлайды.
Онда басты критерий ретінде салықтарды төлегеннен кейін қалатын жалақы мөлшері алынған. Украинада бұл сома — 190 еуроны құрап отыр.
Антирейтингте екінші орында Молдавия (216 еуро), ал үшінші орында Әзірбайжан (232 еуро) тұр. Аталған ондыққа Қазақстан, Армения, Грузия, Белоруссия, Македония және Сербия сынды мемлекеттер де кірген. Ал ең жоғарғы жалақы (4421 еуро) Швейцарияда төленеді екен.
Исландиялықтар — 3440, ал норвегиялықтар — 3405 еуро көлемінде жалақы алады. Аналитик мамандар Ресейді бұл тізімде ортасына жайғастырған. Себебі, аталған мемлекетте салықтар төленгеннен кейін берілетін жалақы мөлшері 474 еуроны құрап отыр.