Импорт ойыншықтардың көбі бала өміріне қауіпті
ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың: «Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті екені анықталды.
Ал олардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан әкелінеді»,— деген мәлімдемесіне көңілі толмаған Бас уәзір Бақытжан Сағынтаев:
«Сіздер мәселенің себебімен емес, салдарымен күресіп жатырсыздар. Сапасыз ойыншық тасымалдайтын бизнесмендерге айыппұл төлеу түк емес. Оның үстіне шекараларда бақылау төмен. Сол себепті де улы ойыншықтар базарлар мен дүкен сөрелерінде толып тұр. Алда жаңа жыл келе жатыр. Жұрттың барлығы балалары мен немерелеріне ойыншық сатып алады. Сонда қауіптісін қалай таңдаймыз? Меніңше халықты құлақтандыру керек. Сауда үйлерінде улы ойыншық болса, сатылуына жол бермеуіміз қажет»,— дей келіп, қауіпті тауарларды елімізге мүлдем кіргізбеуге тапсырма берді.