Жер халыққа пайда әкелуі керек.
Кәсіпкер пікірі: 27 04 2016 Жергілікті аграрлық саладағы бизнесмендер жерді сатып немесе жалға алып игеруді құптап отыр. Өйткені жер иесі болу шаруаларға қаржылық операциялар жүргізуде үлкен мүмкіндіктер береді. Фермерлердің айтуынша, кәсіпкер қашан да сол жерден пайда табуға мүдделі. Ал егер жер телімі өзінің жекеменшігі болса, шаруаның қызығушылығы артып, үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Мәселен, қарапайым несие алу керек болған жағдайда банк өкілдеріжалға алушыға емес, жекеменшік иесіне үлкен сенім артады. Сондықтан шаруалар кодекстегі өзгерістер егістік алқаптарын жайнатып, табыс көзіне айналдырамын деген отандық шаруаларға аса тиімді деген ойда. Ержан Нұрбаев, агрохолдинг жетекшісі: — Заңда жазылып тұр: шетелдіктер жерді ала алмайды, бұл жерде тек Қазақстанда тұрып жатқандар ғана ала алады. Жер пайдаланылу керек текке жатпауы керек, халыққа пайда жасау керек қой.
Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/117430-kelu-kerek
www.24.kz
27 04 2016 .