Кешкі әзіл немесе Ертедегі қазақтардың… «виаграсы»
Асылған, майлы төс (төстік) ерте заманда еркектік қауқарды арттыратын тағам ретінде де қолданылған жоқ па екен, осы?! Дәлел керек дейсіздер ме? Мінеки, «Ер төстік» ертегісінен үзінді:
…Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
— Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам асып жіберші,—дейді.
Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі болып, босанады. Бір ұл туады, оның атын Төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік кояды…
Ал енді, сұрақ! Қазақ неге осы майлы төсті ұлдарына емес, күйеу балаларына берген және беріп те келеді?…