Еліміздің білім беру жүйесіндегі эксперименттік кезең аяқталды — Е.Сағадиев
Еліміздің білім беру жүйесіндегі эксперименттік кезең аяқталды, ендігі біздің мектептер жаңартылған бағдарламаны енгізуге дайын, деп мәлімдеді бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен қоғам өкілдерімен есептік кездесу барысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.
«Жалпы, Президенттің тапырмасы бойынша, жұмыстар 15 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Сондықтан да, біздің даяр екендігімізге сенімді болу үшін 15 жыл жеткілікті мерзім деп пайымдаймыз. Осы ретте экперименттердің барлығы аяқталды деп ресми түрде мәлім еткім келеді. Ендігі біз соңғы 15 жылда нақты бір жоспар бойынша пысықталған жоспарлы енгізуге көшеміз», — деді ол.
Оның айтуынша, үш жыл бойы біз оны қарапайым мектеп шарттарына бейімдеп келеміз.
«100-ден астам мектеп осы жылдары экспериментте болды, 10 мыңнан астам бала жаңартылған бағдарламамен білім алды және қазіргі кезде оқып жатыр. Олардың көбісі мектепті, университетті тәмамдады, ал кейбірі бүгінде қызметке тұрды. Бағдарламаға балалардың, ата-аналардың және мұғалімдердің көңілі толып отыр», — деді министр.
ҚР БҒМ басшысы соңғы жылдары жаңартылған мазмұн бойынша біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан 53 мыңнан астам мұғалім өткенін айтты.
«Яғни, мұғалімдер базалық тұрғыда дайын», — деп баса айтты Е.Сағадиев.
Орта білім беруге келер болсақ, оның мәліметінше, 2015 жылы 500-ден астам мектеп салынды. Оған қоса, күшейтілген білім беруге арналған мектептердің үлесі 2 еседен аса артып, 45 пайызға жетті