Дүре соғып жазалау апатты азайта ала ма?

СЕНАТТА                

ҚР Парламенті Сенаты «Қылмыстық кодекске» шұғыл өзгеріс енгізуді талап етіп отыр Үкіметтен. Оған еліміздегі жол көлік апаттарының жиілеп, одан қалды мас күйінде көлік айдау оқиғасы асқынып бара жатқаны себеп. Ресми мәліметке көз жүгіртсек, кездейсоқ болатын жол көлік апатын былай қойғанда, елімізде арақ-шарап ішіп немесе есірткі шегіп алып темір тұлпар тізгіндегендердің кесірінен соңғы екі жылда 5 мың адам ажал құшқан. Жарақаттанып, сал болып қалғандар жайлы мәлімет аз Үкімет періштесі қағып тірі қалғандарды «Бастан құлақ садақа» деп отырғандай әсерге бөлейді

Соңғы жылдары мұның бәрі біздегі заңның солқылдақтығынан үдеп бара жатқаны ашық айтыла бастады. Мысалы араққа сылқия тойып алған жүргізуші, ғайыптан тайып МАЙ қолына түссе бар — жоғы 2 жылға жүргіуші куәлігінен айырылады. Бары сол ғана. Бұл адам психологиясына соншалықты әсер ету қоюы екі талай нәрсе. Бұл оған сабақ болады деп сенімді түрде айту да қиын. Ал егер әлгі «батыр» ғаламды жалпағынан басып жүйткісе, қаншама адамға залалы, қоғамға зардабы тиетінін көзге елестете беріңіз. Арты  қайғылы оқиғалармен бітіп жататыны қаншама

Мысалы дамыған елдерде адам тағдыры бірінші орында тұрады. Соған орай заңдары да қатал.  Мәселен, Қытай мен Тайландта спирттік ішімдік ішіп машинамен адам қаққан жүргізуші бірден өлім жазасы кесіледі. Бұл өзгелерге сабақ Ал, Сингапурда  ірі көлемде айыппұл салынады және дүре соғылады, тіпті мәйітханада өлген адамдардың мәйітін жуғызып жазалайтын түрі бар

Сенатта өткен отырыста  сенатор Жоғарғы соттың экс-төрағасы Бектас Бекназаров ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа қазақы бір ой айтты. Көлігімен адам қағып кеткен жүргізушіге ата-баба салтымен дүре соғып жазалуды ұсынды Ол үшін заңға аздаған толықтырулар енгізілуі мүмкін Алайда бұл жазаның дандайсыған жүргізуішілерді сабасына түсіруге септігі тиеріне сенатор сенімді көрінді Лезде жауап беруге дағдыланбаған министр не десін, үнсіз құтылуды жөн көрді

Шыға берісте журналисттерге ағынан жарылған сенатор Бектас Бекназаров: Жазаны күшейту керек деп есептеймін. Өйткені, қазіргі қолданыстағы жаза әлі де болса жеңілдеу. Шартты жаза алып, құтылып кетіп жатқандар өте көп. Бұлай болмайды  Малайзияда өліктерді жуып, тазалатып қоятын жаза барын естідім, бұл бәлкім тәртіп бұзғанның   санасына жетер. Мен өлтірген адамда осылай жатады екен -ау деп ойлануға мәжбүр етер.  Ал мен ұсынған таяқпен дүре соғу Сингапурда қолданылады. Мен осыны бізге қолайлы көріп отырмын.

     Нағашыбай Қабылбек