Еңбегімен еленген азамат, құрметтеуге де лайық!

«Ерді кебенек ішінен таны» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек — ті. Сондай халқына абыройлы, жұртына сыйлы азаматтың бірі Асқар Мырзахметов десек артық айтқандығымыз болмас. Қай салада жүрсе де, еліне елеулі, халқына қалаулы болып, жүзі жарқырап отырғаны. Ана тілінің ақ бастауынан қанып ішіп қана қоймай, салт — дəстүрге адалдығы, ата — баба аманатына беріктігі, кім — кімге де үлгі боларлық ұлы қасиет деп ұялмай айтуға əбден болады. Тіпті күні кеше жерге қатысты дау — дамай туындағанда, Үкіметте ұлт жанашырларының бар екенін көрсетіп, небір ығай мен сығайды арнайы құрылған комиссия құрамына жинап көп мəселенің шешілуіне түрткі болды. Мысалы бір ғана ШҚО Үржар ауданындағы 91 432,5 га ауылшаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген Жер телімдерін мемлекетке қайтаруға қосқан үлесі атан түйеге жүк болардай салмақты қайраткерлік іс.
Əрідегі еңбегін қоя тұрып, алты жыл қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысын басқарып кеткен Асқар Исабекұлы облыс орталығы Шымкентті – үшінші мегаполис аталатын дәрежеге дейін жеткізгені есімізде. Шымкент халқы Асқар Исабекұлын əлі күнге сағына еске алатынын көзбен де көрдік, құлақпен де естідік. Бұл кез келген облыс əкімінің пешенесіне жазылмаған — абырой — шыңы! Ауылшаруашылығы министрлігінде жүргенде де толайым істерімен көзге түсті. Түрлі бағдарламалардың жандануына күш салып, ауыл баласына тəн аңғарымпаздықпен, шаруалардың мұң — мұқтажын оңтайлы шеше білді. Үкіметте орынбасар болғанда да, өзіне тəн өткір мінезімен, салмақты болмысымен көптің көз алдында аласармай, өз биігінен бір пəс те төмендемеді.
Енді міне, Елбасы сенім артып, өзінің тікелей жарлығымен Жамбыл облысының әкімі етіп Асқар Мырзахметовті тағайындады. Бұл қызмет Асқар Исабекұлына таңсық емес. Алайда артылған міндет — өте жауапты… Оны өзі де сезіп отырғаны анық….
Біз Асқар Исабекұлын Əулие ата жерінде де азаматтық танытып Елдің игілігіне қызмет атқарады деген сенімдеміз. Сәттілік тілейміз… «Əкім бол, халқыңа жакын бол!» деген бабалар өсиетін Асқар Исабекұлы санасына сіңірген азамат! Сондықтан біз тараптан айтылар ақ тілек, отбасына амандық, деніне саулық тілеу ғана. Сөзіміздің соңын түйіндей келе: «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» деп Ұлы Абайдың сөзімен тəмəмдамақпыз.