Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы мүмкін
Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев мәлімдеді.
«Қазіргі таңда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға заңмен тыйым салынған. Зейнетақы иммунитетін сатып алуға зейнетақы жинағы жеткілікті болып, әйелдер 50, ал ер адамдар 55 жасқа толған жағдайда ғана қаржыны мерзімінен бұрын алуға болады. Басқа жағдайларда ақшаны алуға тыйым салынған», — деді ол.
Дегенмен, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі таңда шетелдік тәжірибе негізінде бірқатар өзгеріс енгізу қарастырылуда.
«Бүгінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда қаржыны бірінші қажеттіліктерге мерзімінен бұрын алуға қатысты халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр, оның ішінде Малайзия, Сингапур, бірқатар Еуропа елдері бар. Ең алдымен, бұл ауыр сырқаттарды емдеу, білім алу және жылжымайтын мүлік сатып алумен байланысты шығындар болуы мүмкін. Бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр», — деп түсіндірді Ерденаев.