«Qazakstan zamany» Рухани жаңғырудың алтын кілтін тапты

Ресми жылға ақ тілек

Ассалаумағалейкүм Қадірлі оқырман!

Жаңа жыл басталғанда кім болса да бір серпіліп, не бітірдім, не қойдым деп артқа сай көзін салса, содан соң алға күндерге болжам – жоспар жасайтын дәстүріміз және бар ғой… Биыл да сол дәстүрімізден жаңылмай өздеріңізбен сәлемдесіп алған соң бірден іске көшкенді жөн санап отырмыз.

Өткен жыл елбасымыздың «Болашаққа бағдар» жасаған «Рухани жаңғыру» бастамасы тарихта қалатыны сөзсіз. Бұл бағдарламалық мақаланың ұлтымыздың болашағына салар салмағы да, жауапкершілігі де жоғары екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Мынаған назар аударыңышы. Бұрын елбасымыз қандай бір халқына жолдау жасағанда оппозиция өкілдері қалайда ілік табуға тырыстатын. Ал бұл мақалаға олар, әсіресе ұлттық оппозиция қос қолдарын көтеріп, бірден үн қосты. Яғни еліміздің болашағына жаңғыру, оң өзгеріс әкелетін осы Рухани майдан болатындығында шәк жоқ. Тек бұл майданымыз да қызыл сөз, ұран күйінде қалмаса игі.

Рас, өткен жылы Рухани жаңғыру жөнінде қаламгерлер, ғалымдар, саясаткерлер насихат жұмысын кеңінен жүргізді. Тарих қойнауына сапар шегіп, бабабар рухына тағзым еттік. Бүкіл еліміз жаңғырықты. Әлі де жаңғырып жатыр. Соншама қатты жаңғырыққанымыз соншама жер дүние солқылдады. Бірақ соның нәтижесі қандай? Бұл жаңғыруымыздың болашағы бар ма? Алаулатып, жалаулатып жатқанымыздан тіршілігіміз жанданып, ұлт болашағы жарқын бола ма? Осындай күдігіміздің қылаң беруі неліктен? Себебі біз қай мәселе болсын ұрандатуға шеберміз. Бірақ нақты нәтижесі болмай аяғы сиырқұймышақтанып кетеді.

Менімше елбасымыз айтарын айтып, мақаласын халқының алдына әдейі тастағандай көрінеді. Ол кісі қазір Рухани жаңғыруды  қалай жүзеге асырады екен?» деп сынап қарап отырғандай бейне. Мемлекетімізге Рухани жаңғыру ауадай қажет. Бірақ оның кілтін кім табады? «Qazakstan zamany»  газеті оқырманына өткен жылы 7 сауал берді. Оқырмандарымыз бұл 7 сауалға белсене араласты. Осы сауалдарымызды тағыда сіздердін назарларыңызға ұсынамыз.

1.2.3.4.5.6.7.

Қосымша 8-інші сауал мынандай: «Рухани жаңғыруды қалай шынайы түрде жүзеге асыра аламыз? Оның басты тетіктерін нақты-нақты көрсетіңіз. Біздің халқымызға төніп тұрған қауіптерді азғындау, өзі өзіне қол жұмсау, бейтараптық, жемқорлық, ұрлық-қарлық, ажырасу, зұлымдық т.б,) осы Рухани жаңғыру арқылы тоқтатуға бола ма? Қалай?»

Газетіміз  осы нөмірде өздері бағамдаған бір жолды ұсынып отыр. Оны біз Рухани жаңғырудың алтын кілті деп отырмыз.

Қадірлі оқырман!

Біздің газетімізге сенім артып, тұрақты оқырман болғаныңызға алғысымыз шексіз. Біздің сіздерге өтінішіміз белсенді болсаңыздар екен. Қазір бей – жай қарап отыратын заман емес. Алдымен рухани жаңғыруды өзіңізден бастаңыз. Әрбір отаншыл, ұлтшыл, патриот жандар белсенді болуы тиіс. Ойларыңызды, пікірлеріңізді, тілектеріңізді, өтініштеріңізді газет редакциясына жолдап отырсаңыздар. Біз сіздердің әрбір ойыңызға құрметпен қарап газетімізде жариялауға пейілміз. Тағы бір сіздердің назарларыңызға ұсынатын нәрсе газетіміз барлық сараларды қамтиды. Үнемі халықты аралап, ақылдасып отыру біздің басты мақсатымыз.

Сонымен сіздерді келе жатқан 2018 – ресми жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Мемлекетімізде тыныштық, ырыс береке ынтымақ, бірлік болғаи! Отбастарыңызға амандық – есендік, зор байлық тілейміз. Әмин!

Зор құрметпен «Qazakstan zamany» газетінің

Бас редакторы Ертай Айғалиұлы