Әдебиетіміз қайда барады?

«Qazakstan zamany» газетінің оқырмандарына жолдаған сауалы 

Біздің сауалнама

Бауыржан Момышұлы өткен ғасырдың батыры әрі әдебиетіміздің шынайы жоқтаушысы болса, Рахымжан Отарбаев ХХІ ғасыр әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі екендігі даусыз. Екеуінде де мінез бар. Айтқандарында шындық бар. Бүгін біз Рахымжанға да, өзге жазушыларға да, оқырмандарымызға да бірнеше сауал қоймақпыз.

  1. Қазіргі оқырмандарымыз кітап оқымайды. Неге?
  2. Әдебиетімізге мемлекет тарапынан қолдау қажет пе? Қалай?
  3. Қазіргі қаламгерімізге не жетіспейді?
  4. Шынайы, терең, сарабдал сынның болмауы неліктен?

Біздің ой-ұсынысымыз:

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы өткен жылдың сәуір айында ел назарына ұсынылды. Не өзгерді? Үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізілді. Рухани жаңғыру — қоғамымыздағы шындықты, зұлымдықтарды тоқтататын ғаламат күш. Бірақ біз оның кілтін таппай отырғандықтан, азғындықтың барометрлері — суицид, ажырасу, жемқорлық, нашақорлық, маскүнемдік, алаяқтық т.б. көрсеткіштер осы уақытта өспесе, кемімей отыр. Біз бүгін оларды тоқтатудың бір кілтін ұсынып отырмыз. Тағы да не істеу керек? Егер мемлекетіміздің болашағына шын жаныңыз ашыса, үн қосыңыз!

Біздің сауалнама

Әкіміңіз қандай адам?

  1. Әкім мемлекет өмірінің тұтқасын (рычагын) ұстап отырған лауазымды тұлға. Осыған қосыласыз ба? Әкім қандай болуы керек?
  2. Облыстық, аудандық, қалалық әкімдеріңізге көңіліңіз тола ма? Толмаса, неліктен?
  3. Олардың қабылдауында болдыңыз ба? Әлде әкімшілікке кіру мүмкін емес пе? Әкімдердің қарапайым адамдарды қабылдау рәсімі қалай болу керек деп ойлайсыз?
  4. Ауылыңызға, қалаңызға әкімдер келіп, жағдайларыңызды сұрап тұра ма?
  5. Әкімдердің облыста, ауданда, қалада жасаған қандай игі істерін білесіз?