Бақытты болу өз қолыңда

Бір данышпан ел аралап келе жатады. Ол жан-жағындағы табиғат тамашасына тәнті болып, әр көрген дүниесінен әлемнің сұлулығын байқап, бас шайқап, таңдай қағып, тамсанып келе жатады. Осылай өмірге дән риза күйі келе жатса, қарсы алдынан көтерген ауыр жүгінен белі қайысқан адам жолығады.
— Неге сонша қиналып жатырсың, ей, жолаушы? — деп сұрайды данышпан.
— Балаларым мен немерелерімнің келешектегі қызығы үшін қиналып жатырмын, — деп жауап қатып әлгі адам. — Менің бабам өмірін атама арнап, қиналыспен ғұмыр кешкен. Атам әкемнің бақыты үшін тер төккен. Әкем мені жеткізуге барын салды. Енді, мінекей, мен де балаларымның қызығы үшін жон арқамды ауыр жүкке тосып жатырмын, — дейді сорлы адам.
— Сауатсыз ешкімге әріп үйретіп, қарық қылмас, ал көртышқан қыранды тәрбиелей алмайды! — депті данышпан. — Сен алдымен өзің бақытты болуды үйренсеңші, сонда балаларыңа бақытты болуды оп-оңай үйретер ең, — деп ақыл қосыпты.
Аударған Шынар Әбілдә