Құнарлы тағамдардың иммунитетке қандай зияны бар екені анықталды
Германиядағы Бонн университетінің ғалымдары құрамында майлар мен көмурсулары көп тағамдар адамның иммунды жүйесінің инфекция кезіндегідей реакция туғызатынын анықтады. Мұның салдарынан созылмалы қабыну және диабет, артериосклероз сияқты аурулардың пайда болу қаупі бар екен.
Зерттеу MedicalXpress сайтында жарияланды. Ғалымдар тышқандарға тәжірибе жүргізген, кеміргіштерге бір ай жасұнығы өте төмен құнарлы азық берілген. Салдарынан кеміргіштердің ағзасында қабынаулар пайда болып, ал қандарында гранулоцит пен моноциттер — патогенді агенттермен күресетін қанның ақ жасушалары (лейкоцитер) саны артқан.
Құрамында көмірсу мен майлары көп тағамдар сүйек кемігіндегі қан жасушаларының өзгеше гендерді іске қосылады. Бұл ДНҚ тіндердің өсуі мен жасушалардың жетіліуіне жауапты. Ал қалыпты азыққа өткеннен кейін қабыну жоғалған, алайда 30 күннен кейін де іске қосылған гендер белсенділігін жоғалтпаған. Қабынуды іске қосуда NLRP3 инфламмасомдар — иммунды жасушалардың ішіндегі аққуыз кешенінің рөлі зор. Әдетте олар микроорганизммен байланысқан сәтте қабыну реакциясын іске қосады.
Дегенмен құнарлы тағамдардан NLRP3 қалай іске қосылатыны әзірше белгісіз. Зерттеушілердің пайымынша, құрамында көмірсу мен майлары аз тағамдар семіздіктен құтқарып қана қоймай, созылмалы ауруларға шалдығу қаупін де төмендетеді.