ӘЛЕМДЕГІ ЕРЕКШЕ ӘУЕЖАЙЛАР
Әр адам шетелге шығып, мәдениетін танып, саяхаттағанды ұнатады. Саяхатшы қыдырып қай қалаға бармаса да ең бірінші көретін жері сол қаланың әуежайы. Сол себепті әуежайдың әдемі, қолайлы, қауіпсіз болуы шарт. Әрбір жолаушы өз ұшағын күтіп, көп уақытын әуежайда өткізетіндіктен, әуежайдың маңыздылығы өте зор.
Лондондағы Хитроу әуежайы
Жылына 69,4 млн жолаушы қабылдайды. Лондон қаласының мэрі Борис Джонсон «бұл әуежай туристерге Ұлыбритания жайлы жаман көзқарас қалыптастырады» десе де,
Хитроу әуежайы үздік ондықтың қатарына енді. Хитроу әуежайы сауалнама барысында 5 балдық дауыс беру жүйесінде 4 балға ие болған. Лондон әуежайының басымдылығы: әуежейдың өте қарапайым болуы, әуерейстер жайлы ақпараттардың қол жетімді болуы, қызметкерлкердің жақсы қызмет көрсетуі және т.б. Сонымен қоса, бұл әуежай жылдың «ең үздік дүкендері», «ең үздік терминалдар» деген атаққа қол жеткізді.
Халықаралық Ванкувер әуежайы
Жылына 18 млн жолаушы қабылдайды.
Үздік он әуежайдың ішінде ең аз жолаушы қабылдайтын Ванкувер әуежайы, өзінің атақты өнер мұражайымен әлемге танымал. Төрт жыл қатарынан Солтүстік Американың үздік әуежайы атағына ие болып келе жатқан бұл орын, аумағын үлкейту үшін жұмсалған 1,4 миллиард доллар ақшаны толықтай ақтап отыр. Сапалы қызмет көрсету жағынанан жоғары бағаланған. Ерекшелігі сол, әуежайда жасыл түсті киім киген ерікті адамдар келген жолаушыларға көмек көрсету арқылы қызмет сапасын артырады.
Цюрих әуежайы
Жылына 24,8 млн жолаушы қабылдайды.
Цюрих әуежайы Швейцарияның ең үлкен және ең көп жолаушы қабылдайтын әуежайы атағына ие. Әуежай 2003 жылы аумағы жағынан кеңейтіліп, жаңа терминалдар қойылды. Сонымен қатар, жолаушыларды қалаға жеткізетін Skymetro атты жерасты поезі іске қосылған.
Цюрих әуежайы қауіпсіздігі жағынан және иммиграциялық бақылау тұрғысынан жоғарғы көрсеткішке ие болды.
Халықаралық Шоуду әуежайы
Жылына 78,7 млн жолаушы қабылдайды.
Қытай астанасы Пекинде орналасқан. 78 миллионға жуық адам қабылдайтын бұл әуежай, жолаушы қабылдау тұрғысынан Атланта қаласындағы Хартсфилд-Джексон әуежайынан кейін әлемде екінші орын алады.
Әуежай «үздік терминал» деген атақты жеңіп алды.
Пекиндегі Langham Place қонақ үйі әуежай қонақ үйлерінің ішінде әлемде екінші сатыда келеді.
Халықаралық Токио әуежайы – Ханэда
Жылына 62,6 млн жолаушы қабыладайды.
Жылына 90 миллион жолаушы қабылдауға қауқары жететін Ханэда әуежайы, 2014 жылдың наурыз айында тағы да әуежай аумағын кеңейтіп жаңа қонақ үйлер тұрғызды.
Токио әуежайы тазалығы және жолаушылардың қауіпсіздігі жағынан жоғарғы балға ие болды.
Амстердамдық Схипхол әуежайы
Жылына 49,8 млн жолаушы қабылдайды.
Схипхол әуежайы 1916 жылы ашылған. Алғашында әскери әуежай болған. Кейіннен халықаралық әуежайға айналып, әлемде жолаушылар көп қабылдайтын әуежайлардың бірі атанды.
Схипхол әуежайының ерекшелігі әрбір жолаушыға өзінің ұшағын күту барысында әуежай ішінде покер ойнауына, массаж қабылдауына не болмаса әуежай кітапханасында кітап оқуына жағдай жасалған.
Схипхол өзінің атақты мейрамханаларымен әлемге танымал.
Халықаралық Гонконг әуежайы
Жылына 53,3 млн жолаушы қабылдайды.
Әлемнің «ең жанды әуежайы» деген атаққа ие.
Гонконг әуежайы жүкті тез жеткізу жағынан, өзінің тазалығымен, дүкендер және мейрамхана тұрғысынан үздік көрсеткішке жеткен.
Жолаушыларға уақыт өткізу үшін гольф ойнау мүмкіндігі жасалған.
Мюнхен әуежайы
Жылына 37,8 млн жолаушы қабылдайды.
Германияның жолаушы көп қабылдайтын әуежайларының бірі.
Мюнхен әуежайынан әлемдегі ең әдемі терминалдарды кездестіре аласыз.
Европанын үздік поезі арқылы әуежайдан қала орталығына дейін 45 минутта жетуге болады.
Өзінің атақты мейрамханалары мен сауда орталығы арқылы жоғарғы балл жинаған.
Халықаралық Инчхон әуежайы
Жылына 39,2 млн жолаушы қабылдайды. Әуежай 2001 жылы ашылған.
Оңтүстік Кореяның ең үлкен әуежайында 70-ке жуық әуекомпаниялары қызмет көрсетеді.
2005 жылдан 2012 жылға дейін Инчхон әуежайы әлемнің ең үздік әуежайы деген атаққа ие болған.
2001 жылы наурыз айында ашылған бұл жас әуежайда корей мәдениетінің мұражайы бар.
Сыртқы көрінісі, тазалығы, демалыс орны, мейрамханасы және қызмет көрсетуі үшін Skytrax тарапынан үздік балға ие болған.
Халықаралық Чанги әуежайы
Жылына 46,5 млн жолаушы қабылдайды.
Сингапур әуежайының ерекшелігі, бұл әуежайда жолаушылыр үшін ашық бассейн, үлкен табиғи бақ, кинотеатр, балаларға арналған ойын орталығы және т.б. көптеген мүмкіндіктер жасалған.
Чанги әуежайы қатарынан екінші жыл әлемнің ең үздік әуежайы атағына ие болды. Жолаушылар қауіпсіздігі, иммиграциялық бақылау, тазалығы және т.б тұрғылардан үздік деп танылды.