“QAZAQSTAN ZAMANY” газеті бір жылда не жазды?
Құрметті оқырмандары! Жылдағы дәстүріміз бойынша, өздеріңізге, кеше ғана есігін жапқан 2017, тауық жылында атқарған азды-көпті істеріміз бен жариялаған мазмұнды да мәнді мақалаларымыз жайлы қысқаша мағлұмат бере кеткенді жөн көрдік. Әрине, өткен жылы оқырмандарымыз жазған әртүрлі тақырыптағы қызықты әдеби, тарихи, танымдық материалдар аз болған жоқ. Дегенмен, біз қоғам мен әлеуметтік тұрғыда газет ұйымдастырған іргелі шаралар мен тілшілеріміз жазған материалдардың ішінен өткір де өзекті дегендерін іріктеп қана ұсынып отырмыз.
Мектептерде бәйге жарияладық
№1. 05 қаңтар 2017 жыл.
*** Газетіміздің алғашқы нөмірінде 2016 жылдың наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ұйымдастырған «Қазақстан — ұлы дала елі» атты республикалық байқауының, бәйгеге қатысушылардың өтініштері бойынша, желтоқсан айына дейін жалғасатынын жарияладық. Осы орайда, аталмыш бәйгенің межеленген 14 желтоқсан күні қорытындысы жарияланып, 21 желтоқсан күні жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтау шарасын өткізгенімізді де айта кетейін. Бәйгеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ге жуық мақала келіп түскенімен, біз олардың ішінен бәйге талаптарына сай келетін 70-тен астамын ғана іріктеп алып, жарияладық. «Ең үздік мектеп», «Ең үздік мұғалім», «Ең үздік оқушы» номинациялары бойынша бәйгеге қатысқандардың 10-ы жүлделі орындарды бөлісіп, Білім және ғылым министрлігінің арнайы сертификаты мен бағалы сыйлықтарды иеленсе, 20-сы редакциямыздың арнайы сертификатын иеленді.
Газетіміз бен «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «Елана» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайтының басшысы Сәуле Мешітбайқызы қатысушыларды құттықтай келе, білім мекемелері арасында өтетін бұл бәйгенің жалғаса беретінін тілге тиек етті.
«Бұл бассыздықтарға
заң керек!»
№2. 12.01.2017.
*** Астанадағы тілшіміз Нағашыбай Қабылбектің «Қытай жобасының астарында не жатыр?» атты көлемді де өзекті мақаласына тұздық ретінде Сәуле Мешітбайқызының «Дат, тақсыр!» айдарымен «Бұл бассыздыққа қарсы заң керек!» атты мақаласы «Датыма құлақ сал, Үкімет!» деп басталып, 18-40 жас аралығындағы қыздармен танысқысы келетін көрші қытай азаматтарына қызмет көрсететін агенттіктерді айыптап, оларға тосқауыл қою керектігін ащы айтады.
***Ал газетіміздің бас редакторы Ертай Айғалиұлы «Алаш шенеунігі, қазақ тілінің тағдыры сенің қолыңда!» деген мақаласында, аты айтып тұрған тілмен қоса, мемлекет пен ұлт тағдыры үшін таза сөйлеп, таза болу халық талабы екенін өткір жеткізеді.
*** Тілшіміз Ермек Сахариевтің «Көзбояушы кәсіпорындар кімді алдайды?» мақаласы ашылуынан жабылуы тез кәсіпорындарды сын тезіне алған.
*** Журналист Ләззат Билан болса, «Зейнетақы қорының тағдыры кімнің қолында?» мақаласы арқылы бүгінгі зейнетақы қоры төңірегіндегі кемшіліктерді жіпке тізгендей етіп ашып көрсеткен.
*** Ал бас редактордың бірінші орынбасары Жанбақыт Мерекеұлының «Алакөл, сенің орның алабөтен» атты көлемді мақаласында туризмді дамыту үшін, айтулы демалыс орнындағы кемшіліктерді тізе отырып, оны түзету жолдарын да үкімет пен облыстық басшылар назарына ұсынады.
«Президент билік
бермек, енді сен де
сілкін, азамат!»
№03. 19 қаңтар.
*** Е.Сахариевтің «Ғасыр жобасы» айдарымен берілген «Аспанда сыммен ұшатын жаңа транспорт» мақаласы сымды-рельстік эстакадалық жолдар арқылы жүретін Sky wаy желілі транспорт технологиясын таныстырады.
*** Тілшіміз Жұлдыз Әбілдің «Арсыз «ағашкалар» неге жазаланбайды?» мақаласында кейбір басшылар тарапынан жыныстық қысым көріп жүрген нәзік жандылар жайы айтылады.
№04. 26 қаңтар.
Н.Қабылбектің «Астанада жауласқан-дардың басын қосу — Қазақстанның дипломатиялық жеңісі» мақаласында бүкіл әлем көз тігіп отырған Сириядағы соғысты бейбіт жолмен реттеу үшін Астанада бас қосқандар мен олардың ұстанымдары анық әрі сараптамалық тұрғыда берілген.
*** Осы нөмірдегі Е.Сахариевтің «Ару Алматыға қош келдің, ақ универсиада!» мақаласы да айшықты шықты.
№05. 02 ақпан.
*** С.Мешітбайқызы өзінің «Президент билік бермек, енді сен де сілкін, азаматым» мақаласында Елбасы Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы үндеуіне байланысты жазылған. Онда Президенттік немесе парламенттік басқару болса да, халық қалаулылары мен шенеуніктер ұйқысынан оянып, белсене кіріспесе, ешбір іс бітпейтіні ашық айтылады.
№06. 09 ақпан.
Дәл сол уақыттың өткір де өзекті мәселесі ретінде ҚР Конституциясының 26 бабына өзгерістер енгізуге байланысты жазылған «Халқым, саған айтам, билік, сен тыңда!» атты мақаласында С.Мешітбайқызы жеріміздің шетелдіктерге сатылуына немесе жалға берілуіне қарсылығын білдіре отырып, халықты сабырлылыққа, билікті ойланып қарекет етуге шақырады.
«Өгей жандар қоғамға да өгей ме?»
№07. 16 ақпан.
*** Ж.Мерекеұлының «Өгей жандар қоғамға да өгей ме?» атты жанайқай мақаласы соңғы кездері туыс-жақындарынан өгейлік көріп, тіпті қайғылы жағдайларға ұшырап жатқан жандар жайлы жазылған. Онда өгейлікті жоюдың бірнеше жолдары да ұсыныс ретінде берілген.
*** Осы нөмірде «Нұр Отан» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚАЗАҚСТАН ZAMAN» газеті, «ЕЛАНА» сайты және Қазақ радиосының бірлескен «Ұлы дала ауылы — ұлт қазынасы» атты экспедициясының қорытындысы Астана қаласында өтті. Оған министрлік өкілдері мен халық қалаулылары да қатысып, проблемаларды шешу жолдарын талқылады.
№10. 8 наурыз.
*** Н.Қабылбектің депутат А.Қоңыров-пен сұхбаты «Үкімет кедейліктің шынайы деңгейін көрсетсе…» деген тақырыпта жарық көрді.
№11-12. 16 наурыз.
Жамбыл облысындағы арнайы тілшіміз Саятхан Сатылғанов «Шенеуніктер қаржы жымқырудан «жарысып» жатыр» атты шағын мақаласында аталмыш аймақтағы келеңсіздікті өткір сынаған.
*** Сонымен бірге, С.Сатылға-новтың осы нөмірдегі «Жалған жәрмеңке жақсылыққа апармайды» мақаласы да біршама көзбояушылықтарды өткір сынға алады.
№13. 30 наурыз.
*** Тілшілеріміз С.Сатылғанов пен Б.Жаппарұлының «Ұлттық құндылықтар — ұрпақтар сабақтастығының өзегі» атты «ҚАЗАҚСТАН ZAMAN» газеті мен Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында өткен дөңгелек үстел жайлы мақаласы газетіміздің айқара бетінен орын алды. Онда ардагерлердің республика жұртшылығына арналған Үндеуі де жарияланған. Дөңгелек үстелде үш тұғырлы тіл, отбасы мәселелері, мемлекеттің қамқорлығымен ата-ана мектептерін ашу, демография мәселелері т.б. талқыланады.
№15. 13 сәуір.
*** С.Мешітбайқызының ащы жанай-қайын «Қарақатқа қасиетті мешітті даңға-за жасауға жол берген кім?» мақаласы-ның атының өзі-ақ айтып тұрғандай.
*** Осы нөмірде Астанадағы тілшіміз Ерқазы Сейтқалидың «Салафизм заңмен шектелуі мүмкін» атты мақаласы қоғам өміріндегі келеңсіздіктерді кеңінен талқылайды.
«Баларға төнген қауіп күшейіп келеді»
№16. 20 сәуір.
*** Н.Қабылбектің «Ұлт болып ұйысуды қаламайтындар жік шығаруға бейім», Е.Сейтқалидың «Латынға көшсек…», Е.Айғалиұлының «Ұлттық рух, намыс арқылы шынайы рухани жаңғыру ғана ел еңсесін көтереді» атты мақалалары аталмыш мәселелердің ұлт келешегіне тигізер пайдасы мен зиянына кеңінен тоқталады.
*** Ал Алматы облысы бойынша арнаулы тілшіміз Нұрила Бектемірованың «Қорғансыз кембағалды қорлаған кім?» мақаласы аталмыш аймақтағы мүгедектер үйіндегілердің жай-күйінен сыр шертеді.
№17. 27 сәуір.
*** Тілшіміз Ләззат Биланның «Балаларға төнген қауіп күшейіп келеді» мақаласы әлем бойынша балалар ағзасын саудалаушылар мен балаларды соғыс жағдайында пайдалану, т.б. жағдайлар деректермен берілген.
№19. 11 мамыр.
*** Н. Бектемірованың «байлығын әспеттегендерді жарнамалаудың қажеті қанша?» мақаласында жылт етіп эфирге шыққан әншісымақтардың зәулім үй-жайларын көрсетуге құмар телеарналардың кемшіліктері сыналады.
*** С.Мешітбайқызы «Жаңғыру құр жаңғырыққа айналмасын десек…» атты мақаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған айшықты ойлары мен тапсырмаларын науқаншылдыққа айналдырмай, іспен дәлелдеу керектігін айтады.
№20. 18 мамыр.
*** Ж.Мерекеұлының «Терминдерімізді жатқа телу — сатқындық!» мақаласы қазіргі қоғамда қазақ тілінің қолдану аясының тарылып бара жатқанын, оған қоса сөздік қорымызға қосылған, сәтті шыққан баламаларымыздың терминком тарапынан қайта алынып тасталынып жатқандығын өткір сынайды.
№21. 25 мамыр.
*** Н. Қабылбектің «Президент тапсырмасына мойынсұнбайтындарға қандай жаза лайық?» мақаласы көзалдаумен айналысатын атқамінерлерді сынаса, Е.Сахариевтің «Зейнетақы қорын көкпарға айналдырған кімдер?» мақаласы аталмыш қор төңірегіндегі келеңсіз жайттарды сынайды.
***Ал тілшіміз Жұлдыз Әбілдің дәстүр-лі әнші Ерлан Рысқалидың сөзімен берген «Күйіс қайтарып отырып, ән тыңдайтын жерге бармаймын» мақаласында қазіргі әншілер мен тыңдарман мәдениеті әңгіме өзегіне айналған.
«Журналист аңдамай сөйлесе, өрт шығуы мүмкін»
№ 22. 1 маусым.
*** Газетіміздің жауапты хатшысы, журналист Бауыржан Кариповтың «Журналист аңдамай сөйлесе, өрт шығуы мүмкін» атты сұхбаты Орта Азиядағы «Бітімгершілік және медиатехнологиялар мектебінің» директоры Инга Сикорскаямен өрбиді. Сұхбатта журналистиканың қыр-сырына үңіліп, оның халықаралық жағдайлардағы ұстанымдары мен шеберлігі де сөз болған.
№ 23. 8 маусым.
*** Е.Сейтқалидың «Қытай нарығын-дағы «ет соғысы» Қазақстанға не береді?» мақаласына орай, Ж. Мерекеұлының «Қазекең мен «қасекеңе» қиын болайын деп тұр» атты мақаласы жарияланды. Онда ет өнімінің еліміздегі тапшылығы мен импортқа, қымбатшылық пен оны өндірудің жолдарына баса назар аударылған.
№ 24. 15 маусым.
*** Бұл нөмірді Астанадағы тілшілеріміз әлем көз тіккен ЭКСПО — 2017 шарасының басталғаны жайлы материалдармен бастады және бұл шара аяқталғанша әр нөмір сайын, «ЭКСПО күнделігі» айдарымен, ондағы өтіп жатқан әр елдің инновациялық жаңалықтарын жіберіп отырды.
*** Осы санда Е.Айғалиұлының «Шашылып қалған» прокуратураны зор реформа күтіп тұр» атты мақаласы жарияланды. Мақалада ҚР Бас прокуроры Ж.Асановтың аталмыш орган турасында айтқан сындарына сараптама берілген.
*** Сондай-ақ, С.Мешітбайқызының осы санда жарияланған «Қараусыз қалған Алтықұлаш әулие» жанайқайы Маңғыстау облысының әкімінің назарына бағытталған. Онда ата-бабалар рухын қадірлеп, мұраларына қамқорлық жасау керектігі айтылады.
№ 25. 22 маусым.
*** Маусым айында Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайы қарсаңында, Е.Айғалиұлының ұйымдас-тыруымен, «Бауырлар, сенің тағдырың да, болашағың да атажұртта» атты айқара бет ұйымдастырылып, осыған байланысты саясаткерлер мен сарапшылардың және белгілі адамдардың пікірлері берілді. Ал келесі нөмірлерде құрылтайда көтерілген мәселелер, оның нәтижесі туралы материалдар жарық көріп жатты.
№ 27. 6 шілде.
*** Бұл нөмір «Жасай бер, жасара бер, Астана!» деген тақырыппен, Елордамыздың туған күнімен құттықтап басталды.
*** Н.Бектемірованың «Дәрі-дәрмек неге қымбат?» атты мақаласы еліміздегі дәрі-дәрмек тапшылығы мен қымбатшылығына арналған. Және оны Алматы облысында қалай шешу жолдары мен атқарылуы тиіс шаралары жайлы айтылған.
№ 30. 27 шілде.
*** «Қара қытайдан қауіптенуге еш негіз жоқ» дейді тілшіміз Н.Қабылбекке сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев. Сұхбат негізінен жер мәселесіне қатысты өрбіген.
№ 33. 17 тамыз.
*** «Алакөлге әлем назарын қалай аудартамыз?» деген Е.Айғалиұлы, оны жақсартудың бірнеше жолдарын айтып, ұсыныстар тастайды.
*** Ал штаттан тыс тілшіміз, мұғалім Айзат Рақыш болса, «Ата-ананы алаңдатқан бұл не заң?» деп, оқушыларды мектепке тек қана тіркеуге тұрған ауданы бойынша қабылдаудың әуре-сарсаңы жайлы айта келіп, билік органдарына сауал тастайды.
«Қазақты малға теңегендерді қатаң
жазалау қажет»
№ 36. 7 қыркүйек.
*** А.Рақыштың «Қазақты малға теңегендерді қатаң жазалау қажет» атты мақаласы ұлтымызды қорлап, ұлтаралық наразылық тудыруды көксейтіндерге қарсы бағытталған.
№ 39. 28 қыркүйек.
*** Б.Карипов «Жат ағымдар торына кімдер түседі?» атты зерттеу мақаласында дінтанушы мамандармен сұхбаттасып, пікірлерін берген. Мақаланың жастардың адасушылығын азайтуға септігі тиері сөзсіз.
№ 42. 19 қазан.
*** «Астана ажары» бетін дайындаған Н.Қабылбек пен Е.Сейтқали «Бензин тапшылығына сенаторлар да өкпелі», «Легионерлер қазақ футболының көсегесін көгерте ме?», Астанада жылудың бағасы «салқындап барады», « Алашұбар атаулар көп» деген тақырыптармен материалдар беріп, елорда тынысын анық бере білген.
*** Осы нөмірде Е.Айғалиұлы «Нұрсұлтан аға, Кенесары хан басының елге әкелінуіне көмектессеңіз екен» деген тақырыппен Жамбыл облысында Кенесары ханға арналып өткен конференцияға қатысушылар тілегін Елбасына жолдайды.
№ 43. 26 қазан.
*** Ж.Мерекеұлының «Жүргізушілер жүндеуге жақсы…» мақаласында Алма-тыдағы автотұрақ мәселесінен бастап, көлік кептелісі т.б. да проблемалар жайлы жазылған. Проблемаларды жеңілдету тұрғысында ұсыныстар да айтылады.
*** Ал Е.Сейтқалидың «Қазақтың тонды балалары һәм тонаушылары» атты мақаласында еліміздің өзге өңірлерін айтпағанда, Астана қаласының өзінде-ақ шеттен келген келімсектер мен жергілікті қандастарымыздың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі мен теңсіздіктері салыстырыла жеткізіледі.
«Жаңа жылды тәуелсіздіктен
жоғары қою — бассыздық!»
№ 49. 7 желтоқсан.
Газетіміздің бұл саны Е.Сахариевтің «Елбасы ақшасын шетелде сақтаған отандық компанияларға ескерту жасады» атты мақаласымен және «Газетімізге жаңа басшы келді» атты Сәуле Мешітбайқызының Бас директорлық қызметке келгенін жеткізген игі хабармен басталды.
*** Н.Қабылбек дайындаған «Астана ажары» бетінде, қанша жерде айтылып жүрсе де, кейде ескеріліп, кейде ескеріле бермейтін ресми жаңа жылды Тәуелсіздік күні мерекесінен бұрын асыра әспеттейтіндерді тағы да сынап, «Жаңа жылды Тәуелсіздіктен жоғары қою — намыссыздық!» атты мақала жарияланды.
*** Бұдан бөлек, «Қой терісін» жамылып, қазынаны тонап жүргендерге қалай тыйым саламыз?» атты шағын мақаласында оффшорлық дау турасында жазылып, депутаттар сауалына орай, ҚР Ішкі істер министрі мен ҚР Қаржы министрлерінің жауаптарын берген.
*** Ал Ж.Мерекеұлының «Жарықтың қараңғысы бола ма?..» атты жанайқай мақаласы «Алатау Жарық Компаниясына» (АЖК) қатысты түскен арыз бойынша зерттеліп жарияланды.
Біздің бұл шолуымыз газетімізде жарияланған барлық материалдардың ішінде, тілшілеріміз жазған мақалалардың ішінен іріктеліп алынғанын тағы да естеріңізге сала кетейін. Бұдан бөлек, Астана мен Алматыны айтпағанда, өзге аймақтарда өткен түрлі іс-шараларға қатысып, үлкен жиындар мен дөңгелек үстелдер өткізгеніміз тағы бар. Осылардың ішінде, газет басшыларынан бастап, тілшілеріміздің басылым ұйымдастырған «Ауыл» экспедициясы аясында барлық аймақтар мен аудандарды, ауылдарды аралап, ел-жұрттың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігімен танысуын, кездесулер өткізуін, Елбасы Жолдаулары мен бағдарламаларының іске асу барысымен танысуын ерекше атап өтуге тұрарлық деп ойлаймын. Бұл экспедиция барысында жазылған материалдар газетімізде көлемді де айшықты түрде жарияланып отырды. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш «Ауыл» экспедициясының қорытындысы әр жыл сайын Астанада түрлі министрлер немесе министрлік өкілдерінің, депутаттардың, түрлі сала мамандарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтіп, туындаған мәселелерді шешудің жолдары қарастырылады.
Міне, осылайша, халықтың арасында көзбен көріп, құлақпен ести жүріп, мәселе көтеретін, мемлекеттік және ұлттық құндылықтар мен мәдениет-әдебиетті, салт-дәстүрімізді дәріптейтін, тіпті жекелеген адамдардың да тағдырына бей-жай қарамай, араша түсетін, сүйікті басылымдарыңыз — «QAZAQSTAN ZAMANY» газетімен бірге болыңыздар, құрметті оқырман!
Халықаралық «ҚАЗАҚСТАН-ZAMANY» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары