Беттегі белгілер қандай аурулардан хабар береді?
Іштегі дерт пен күйзелістің бәрі бетке шығады. Бет терісіне әсер етеді. Назар аударып көрелік
1. Көз астындағы қара дақтар
Бұл ұйқы қанбағаннан, шылым шеккеннен, гормондық өзгерістерден, аллергиядан, ішімдік, кофені көп ішкеннен болады.
2. Маңдайдағы дақ немесе бөртпе
Маңдайдағы дақ пен бөртпе терден немесе макияжды дұрыс жумағаннан болады. Сондай-ақ ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылғаннан, фасфуд жегеннен болады.
3. Мұрынның қызаруы
Мұрында көп тамыр орналасқан. Олардың кеңеюі тері түсінің өзгеруіне әкеледі. Бұған температураның ауытқуы, аллергия, күйзеліс себеп болуы мүмкін.
4. Көз бен терінің сарғаюы
Мұндай жағдай ағзада көп қалдық жиналып қалғаннан болады. Әсіресе 38 аптада туған балалардан көп байқалады. Себебі олардың бауыры қалыпты жұмыс істемейді. Ал ересектерде ішімдікті көп ішкеннен пайда болуы мүмкін.
5. Мең мен қалдың пайда болуы
Бұған алаңдайтын ештеңе жоқ. Бірақ дәрігермен кеңесу артықтық етпейді.
6. Көбелек түріндегі бөртпе
Беттегі бөртпе косметиканы дұрыс таңдамағаннан, аллергиядан, климат ауысқаннан болады.
7. Ауыз бен мұрын маңайының қабыршақтануы
Ауыз бен мұрын маңайындағы терінің өзгеруі А, С, Е немесе В дәрумендерінің жетіспеуінен болады.
8. Мұрын-ерін маңайындағы суық тию
Бұл 1-ші типтегі герпес вирусын жұқтырғаннан болады. Бұл вирусты бір рет жұқтырсаңыз ол енді сізден қалмайды. Күйзелістен адам ағзасы әлсірегенде, шаршағанда асқынады.
9. Еріннің жарылуы
Ерін суықтан жарылады. Сондай-ақ ағзаның медициналық препараттарға жауабы болуы мүмкін. Аллергиялық реакция болуы да ықтимал.
10. Беттегі түктің көбеюі
Көп адамда беттегі түк ген арқылы беріледі. Жас келіншектерде аналық бездің дұрыс жұмыс істемеуінен болуы мүмкін.
11. Беттегі гиперпигментация
Бұл күн көзінде көп жүргеннен болады, жүктілік кезінде шығады.
12. Кірпік пен қастың сиреуі
Егер кірпік пен қас өздігінен сиресе қалқанша бездің дертінен болуы мүмкін.
13. Иектегі бөртпелер
Иек гормондармен тікелей байланысты. Кез келген гормондық өзгерістен бөртпелер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ ұйқының аздығы мен майлы тағам да бөртпенің пайда болуына әкеліп соғады. Ұйқыны қандырып, дұрыс тамақтануға тырысыңыз.
Дереккөз: https://www.adme.ru