Шақалақ
Әдемі бұйра шаштары, үлкен көздері, кішкентай әдемі ерні бар сүйкімді шақалақты көргенде әйел таңдана қарап қалды. Ол осы уақытқа дейін мұндай әдемі шақалақ көрмеген еді. Әйел шақалақтың жұмсақ, қып – қызыл бетінен сүю үшін иіле бергенде:
— Жақындама маған, деген дыбыс шықты.
— Мені ұстауға хақың жоқ сенің…
Әйел қорыққанынан жан – жағына қарады. Бірақ бөлмеде шақалақ екеуінен басқа ешкім жоқ болатын. Сол дыбысты тағы да есіткенінде шақалаққа жалт қарады. Құдайым – ау!… Жаңа ғана туылуына қарамай сөйлеген осы шақалақ екен.
— Маған жақындасуыңды қаламаймын, ары тұр менен!… деп ызаланды.
— Ұл бала әдемі, бірақ қыз бала да ерекше екен. Сол үшін сені сүйгім келіп тұр, деді әйел.
— Мен сені сүйе алмайтыным секілді сен де мені сүйе алмайсың, деп шақалақ жылай бастады
— Неге олай дейсің, неге сен мені сүйе алмайсың?
— Мұны сен жақсы білуің керек, кішкене ойлансаң жауабын табасың… деді шақалақ.
Әйел не болып жатқанын ойлап жатқанда наркоздың әсерінен өзіне келді. Өзіне келгенде ол жеке меншік бір аурухананың люкс бөлмесінде жатқан еді және наркоздың әсерінен жүрегі айнып жатқан болатын. Доктор бөлмедегі гүлдердің біреуін қолына алып, әйелге беріп жатып:
— Сауғып кетіңіз, аборт сәтті өтті,
— Айтпақшы, қыз бала екен, деді.
Түрік тілінен аударған https://www.facebook.com/bazarbayevalazzat