Адамды сүю…
Шайыр Нəжіб Фазыл Кысакүрекке бір шəкірті келіп:
«Ұстаз! Сүюден көңілі қалып, паршаланған жүрек, өзге біреуді қайта сүйе алады ма?» деп сұрайды.
Ұстаз:
«Иə. Сүйе алады» деп жауап береді.
Шəкірті жауапқа қанағаттанбаған кісіше:
«Ұстаз! Сіз парша-парша болып сынған стаканмен су ішіп көрдіңіз бе?» деп сұрайды.
Шайыр:
«Дұрыс айтасың. Алайда сен стакан сынды екен деп су ішуден де бас тартасың ба?» деп жауап берген екен.
Түйін: Қанша жамандық көрсеңіз де адамзатты сүюден еш жалықпаңыз! Күндеріңіз сəтті өтсін!
Бауыржан Алиұлы