Жамбыл облыс әкімінің тапсырмалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Жуырда «Баласағұн» ОКЗ-да Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған идеологиялық актив жиналысы өтті.

Өткен жылы өздеріңізге белгілі Қазақстанның үшінші жаңғыруы бастау алды. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы іске асуда. Қазақстанның жаңа әлем көшбасшыларының қатарына енуі үшін цифрландыру және ел өміріндегі барлық салаларға заманауи технологияларды енгізу — Елбасы Жолдауында ұсынылған мемлекет дамуының негізгі бағыты. Бүгін біз маңызды құжаттың басым бағыттарын Жамбыл облысында атқару бойынша түсіндіру және іске асыру үшін жиналып отырмыз, — деді облыс басшысы Асқар Мырзахметов.

Сонымен қатар, Жолдауда айтылған басымдықтар бойынша «КазФосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл филиалының бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері М. Искандиров, «Меркі ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Б. Егембердиев, Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры М. Сарыбеков және тағы да басқа спикерлер сөз сөйледі.

Жиын соңында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Жолдаудың негізгі басымдықтарынжүзеге асыру бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі