Анемиядан арылу жолдары қандай?
Анемия (қан аздық) — қанда эритроциттердің азайып, гемоблабиннің төмендеуінен болатын ауру түрі. Бұл ағзада темір жетіспеушілігі салдарынан пайда болады.
Дәрігерлердің айтуынша, анемияға қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Гемоглабин мөлшері әйелдерде 120 г/л, ерлерде 130 г/л болуы керек.
Анемия неден пайда болады?
Егер гемоглабин мөлшері 90-110 аралығында болса, жеңіл сатыдағы анемия саналады. Орташа сатыдағы анемияда қан құрамындағы гемоглабин 70-90 мөлшерінде болады. Ал гемоглабин мөлшері 70-тен төмен болса, анемияның ең ауыр сатысы болып есептеледі.
Анемия мына жағдайлардың себебінен туындайды:
– диета, вегетариандық, жеткіліксіз әрі уақытылы тамақтанбау;
– өте көп мөлшерде қан жоғалту;
– асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде;
– тұқымқуалаушылықпен берілуі де мүмкін.
Анемияның белгілері қандай?
Анемияның түріне, сипатына қарай белгілері де әртүрлі болып келеді. Көптеген түрлеріне ортақ белгілер мыналар:
- әлсіздік және тез шаршау;
- терінің түсінің бозғылттануы;
- тәбеттің төмендеуі;
- басы айналып, жиі көзі қарауытуы;
- құлағы шуылдауы;
- жүрек қағысының жиілеуі;
- иіс сезу өзгерісі.
Алдын алу үшін қалай тамақтанған дұрыс?
- кофеин мен шәйді, сүтті, тәтті тағамдарды тұтынуды азайту қажет. Олар темірдің ағзаға сіңуіне кедергі болады;
- көп мөлшерде жеміс-жидектер (оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат, құлпынай) мен көкөністер (қызылша, сәбіз, орамжапырақ, көк шөп) пайдаланған дұрыс;
- күнделікті тағам ретінде ет (сиыр, құс) және балық, бұршақ тұқымдастар, сұлы, қарақұмық жармаларын жеу керек.
Егер жоғарыда аталған анемияның белгілері байқалса, дереу дәрігерге көрінген дұрыс. Дәрігерлер 3 ай сайын гемоглабин мөлшерін анықтауға кеңес береді.
Дерекккөз: baribar.kz