Ата-аналардың жеке мектеп ашуына болады

Үкімет отырысынан шыққан ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты  журналистер сұрақтың астына алды.

Солардың бірі министрге:

«Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлмен кездесу барысында Ақтөбедегі ата-аналар жеке діни мектеп ашу жөнінде ұсыныс айтыпты. Осы ұсыныс қаншалықты орынды?» — деген сұрақ қойды. Сауалға жауап берген министр: «Бізде діни білім беретін медреселер бар. Қалған білім беру жүйесі діннен бөлінген. Ол туралы заңда жазылған. Алайда қазіргі таңда жеке мектеп ашуға да болады. Мысалы, қыздар мен ер балаларға арналған. Олар жеке-жеке оқуы қажет.

Аталған білім ордасының қарапайым мектептерден несімен ерекшелетіне келсек, біз қазір: «Азаматтарымыз осындай жеке мептепті ашуға қаншалықты дайын?»— деген сұрақты қарастырудамыз. Ол мәселені талқылап жатырмыз. Бірақ ол мектеп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификациясынан өткен және діннен бөлінген болады. Ал мектептің ерекшелігі — мұнда қыздар орамалсыз жүре алады.

Себебі, онда ұлдар жоқ. Алайда бұл мектеп діни білім бермейді. Жоғарыда аталған ұсынысты қолдайтын ата-аналардың өздері жиналып, демеушілер тауып, жеке мектептерді ашуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін барлық жағдай жасалып отыр», — деді.