Ризотто тағамын бірге үйренейік!

Бүгін біз Италия елінің танымал ризотто тағамын жасауды үйренеміз. Ризотто (итальян тілінен аударғанда — «кішкентай күріш») — Италияның солтүстігінде өте кең таралған тағам. Тағам туралы деректер ХІХ ғасырдан бастап кездеседі. Ризотто арборио, бальдо, падано, рома сынды жоғарғы сортты күріштермен жасалуымен ерекшеленеді.

Бізге керегі:   400 гр асқабақ, 1  пияз, 200 гр күріш (италиялық), 150 гр ірімшік, 150 гр сары май, тұз, бұрыш, тмин, ақжелкен.

Жасалу жолы:

Алдымен асқабақты қабығынан тазартып, жуып, төрт бұрышты етіп турап, пиязды да дәл солай ұсақтап тураймыз. Табаға құйылған майға пияз бен асқабақты салып, бірнеше минут қуырып аламыз. Одан кейін үстіне күріш салып, бірге қуырамыз. 4-5 минуттан кейін дәмдеуіштер мен тұзды саласыз да, артынан бірден күріш батқанша су құясыз. Мүмкіндігіңіз болса, алдын ала дайындалған сорпа қосыңыз. Күрішті бұқтырып қойыңыз, 10 минуттан кейін ашып, тағы да сол мөлшерде су құясыз. Дайын болуға таяғанда ірімшік пен майды қосыңыз. Ақжелкенді де салып жіберуге болады. Тағы да 2-3 минутқа жай отқа қойып, өшіріңіз.  Ризоттомыз осымен дайын! Асыңыз дәмді болсын!