Не ініңді кеңейтесің, не мені кішірейтесің! (Жәмиден бір мысал)
Ашкөздеу бір сарышұнақ далада әр нәрсені тұмсығымен бір түртіп азық іздеп жүріпті. Бір уақытта көзі жерде бос шұбатылып жатқан бұйдаға түседі. Бас көтеріп қараса, байлаудан босап кеткен бір иесіз түйе жайбарақат жайылып жүр екен. Әлгі тышқан ойланып жатпастан ескі әдетіне салып бұйданы шап беріп ұстапты да, тегін түйені ініне қарай сүйрелей жөнеліпті. Титімдей кеміргіштің мына қылығын қызық көрген түйе «қайтер екен» деген оймен ілесе беріпті. Бір уақытта сарышұнақ шаршап-шалдығып мекеніне жетіпті де, түйеге бір қарап, інінің аузына бір қарап тұрып қалыпты. Сол кезде түйе сөйлепті: «Әй, беймаза достым, мына қиын ахуалдан шығудың екі жолы бар: не ініңді кеңейтесің, не мені кішірейтесің. Екеуі де қолыңнан келмейтіні бар — неге осынша әуре болдың?»
Түйін: Құдай туралы ілімді «ініне» сыйдыра алмай жүрген барлық тараптағы барша пақырларға арналады .
Ғалым Боқаштың фб-дағы парақшасынан