Министр Қ.Бозымбаевтың кезекті уәдесі

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Алдымен бензин мәселесіне тоқталайын. Бұл туралы өткен жылы да айтқанбыз. Біз зауыттарда 14,9 млн тонна мұнай өңдедік. Биыл 1,2 млн мұнайды артық өңдейміз.

2018 жылы елімізді бензинмен 90 пайыз қамтамасыз етеміз. Қалған 10 пайыз өнімді экспортқа шығарамыз. Біз Үкіметке арнайы ұсыныс жібергелі отырмыз. Анығын айтсақ, биыл Қазақстанда бензин, дизель, әуекеросин өнімдерінің резерв қорын құру керек деген ұсыныс дайындағалы отырмыз. Бұл мәселе пысықталып жатыр»,— деп, елімізде арнайы жанар-жағармай қоры құрылуы мүмкін екенін де ескертіп өтті.