Орындалуы оңай 10 сүннет

Мұхаммед Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) әр сүннеті біз үшін өте маңызды. Сүннет – бұл барлығымыз үшін өмірді пайдалы әрі жақсы өткізуде керемет нұсқаулық болмақ.

Алла елшісінің  (с.а.у.) өзі: «Кімде-кім менің сүннетімді жаңғыртса, сол мені жақсы көреді. Ал, мені жақсы көрген жан Жұмақта менімен бірге болады», –деген. Осы мақалада біз Алла елшсінің (с.а.у.) күнделікті өмірге қажетті 10 сүннетіне тоқталмақпыз.

1. ЕРТЕ ЖАТЫП, ЕРТЕ ТҰРУ

Біздің ұйқы режиміміз күндізгі жұмыстағы белсенділігімізге тікелей әсер етеді. Таң намазынан кейінгі таңғы уақыт берекелі уақыт болып табылады. Жаңа күнді құлшылықтан бастасаңыз, кү ұзаққа көңіліңіз көтеріңкі болып, көп нәрсеге үлгересіз. Бірақ ерте тұру үшін ерте жату қажет. Сонда ағза тиісінше демалады.  Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұйықтау режимі туралы: «Ол әдетте ұйықтауға ерте жатып, түннің соңғы бөлігінде тәһәжжуд намазын оқу үшін оянатын, содан кейін (таң намазына дейін) ұйықтайтын», –деген.

2.ЖИІ КҮЛУ

Ибн Джаз (р.а.): «Мен Алла елшісінен (с.а.у.) көп күлетін ешкімді көрген жоқпын», – деген. Ғалымдар адам жиі күлген кезде оның ағзасында табиғи антидепрессант – серотонин гормонының мөлшері артып, адамға жақсы ықпал ететінін дәлелдеген. Біз күлкінің өзіміз бен айналамыздағы адамдарға әсерін тиісінше бағалай бермейміз. Бірақ жиі күлу деген сөз «арсыз күлкі» деген сөз емес.

3.МИСУАК ПАЙДАЛАНУ

Алла елшісі (с.а.у.): «Егер үмбетіме қиындық тудырмас болғанда оларға әр құлшылық алдында мисуак пайдалануды бұйырар едім», – деген. Мисуактың пайдалы қасиеті көп. Ауыз қуысындағы бактерияларды жояды және өзі қымбат тұрмайды. Сондықтан да бұл сүннетті орындау қиынға түспесе керек.

4.ШАШТЫ МАЙЛАУ.

Джабир ибн Самур Пайғамбарымыздан  (с.а.у.) бастағы ақ шаш туралы сұрайды. Сонда Алла елшісі: «Басты маймен майласа, олар көрінбейді», – деген. Шашты үнемі майлап тұрса, шаштың түсуі, ағаруы азайып, түптері бекіп, жарқырай түседі. Сол арқылы жүйке жүйесі мен ми талшықтарына әсер етеді. Ал, біз күні бүгін осы үшін шаштаразға, спа-салондарға көп қаражат шығарамыз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осы қарапайым ғана сүннетті біздің қаражатымызды едәуір үнемдеуге көмектесер еді.

5. АУҚАТТАНҒАНДА «ҮШТЕН БІР» ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ

Алла елшісі (с.а.у.): «Адам ағзасындағы ең жаман ыдыс – оның асқазаны. ған жүрек жалғау үшін аздаған ас жеткілікті. Егер асқазанын толтыру қажет болса бір бөлігін тамақпен, бір бөлігін сумен, қалған бір бөлігін ауамен толтырсын», – деген.

6. ЖАҚСЫ НӘРСЕ АЙТУ НЕМЕСЕ ҮНДЕМЕУ

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алла Тағала мен Қиямет күніне сенген адам жақсы нәрсе айтсын немесе үндемесін», – деген. Біз күнделікті тірлікте өзімізге қатысы жоқ нәрсені көп сөз етеміз. Білімізді арттырмайтын, мінезімізді жақсартпайтын және ешбір пайдасы жоқ дүниелерді сөз етуге сағаттап уақыт кетіреміз. Тіпті, пайдасы тұрмақ, ол әңгімелеріміздің өзіміздің күнәмізді көбейтіп жататыны жасырын емес. Бұл өсек-аяңға деген әуестіктен орын алатын жағдай. Зая кеткен осынша уақытты зікір айтуға, Құран оқуға жұмасақ қандай ғанибет болар еді.

7. СЫРҚАТ ЖАНДАРДЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАУ

Алла елшісі (с.а.у.): «Аш адамдарды тамақтандырыңдар, сырқаттардың көңілін сұрап барыңдар және құлдарды босатыңдар», – деген.

8. АС-СУДЫ ОТЫРЫП ІШУ

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Адамның сусынды тік тұрған қалпы ішуіне болмайды», – деген.  Айналасындағылар: «Асты да тұрып ішуге болмай ма?» –деп сұрағанда «Бұл одан да жаман», – деген екен.

9. ОҢ ЖАҒЫМЕН ЖАТУ

Алла елшісі  (с.а.у.) үнемі оң жағымен жататын болған. Адамның ұйықтағанда оң жағымен жатуы, оның күндізгі жұмыс өнімділігіне де, денсаулығына да әсер етеді.

10. ҮЙГЕ КІРЕР КЕЗДЕ «БІСМІЛЛӘ» ДЕП АЙТУ

Алла елшісі (с.а.у.): «Егер адам  үйіне кірерде немесе тамақ ішерде Алланы еске алса шайтан өзінің көмекшілеріне: «Біз түнеуге және тамақ ішуге орын таппадық» деп айтады. Егер адам Алланы еске алмастан үйіне кірсе шайтан: «Бізге түнейтін орын бар» дейді және тамақ ішерде Алланы еске алуды ұмытса: «Біз түнейтін орын таптық, сондай-ақ тамақ таптық»-дейді», – деген.

 islam.kz