Мамырдың басы мамыражай болмайды

Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, мамыр айының алғашқы он күнінде еліміздің көптеген аймағына өткінші жаңбыр жауады деген болжам бар. Бүгін еліміздің орталық, шығыс және теріскей аймақтарында жауын соңы қарға ұласуы да бек мүмкін. Яғни, соңғы жылдармен салыстырғанда биыл аталған өңірлердегі ауа температурасы 1-3 градусқа төмен болмақ. Сондай-ақ, болжам бойынша республиканың басқа аймақтарында ауа-райы орташа температурадан 6 градусқа дейін жоғары болады. Қазгидрометтің ақпаратына қарағанда тәуір болған сәуір айын жалғайтын мамыр айының басы мамыражай болмауы ықтимал. Сондықтан, суық тартатын жеңіл киімдерден әзірге бас тартып, қолыңыздан қолшатырдың түспеуіне кеңес береміз.

ЕлАна-ақпарат