Мемлекеттік-ақпараттық тапсырыстан бас тартуға болмайды
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазмедиа» орталығында өткен жиында:
«Бүгінде мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты сынайтындар аз емес. Аталған тәжірибеден бас тарту қажет дейді. Дәл қазір олай істеуге болмайды. Мемлекеттік субсидиялаудан толығымен бас тартсақ, қазақстандық медиа кеңістіктің дамуын тежейміз. Неге?
Себебі мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс аясында жаңа жобаларға қолдау жасалады, отандық продакшн-индустриясына қаржы құйылады. Соның арқасында медиа нарық дамып жатыр. Мемлекеттік субсидиялау арқылы шетелдік контенттің үлесін азайтуға мүмкіндік бар. Мен білемін, кейбіреулер мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты тоқтату қажет деп санайды. Олай істесек, шетелдік контенттің үлесі артады. Қазір барлық дерлік республикалық арналарда өзге елдің өнімдерін сатып алу көлемі қысқарып жатыр. Соның орнына өзіміздің сериалдарымыз, деректі фильмдеріміз бен ток-шоуларымыз келді.
Үшіншіден, жекеменшік арналарға бөлінген мемлекеттік тапсырыс қаржысын қазақ тілді бағдарламалардың санын арттыруға бағыттауға болады. Мемлекеттік тілді біз осы арқылы да қолдаймыз. Төртіншіден, мемлекеттік субсидиялау «Балапан», «Қазспорт» пен «Еларна» сияқты коммерциялық жағынан тиімсіз жобаларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бесіншіден, мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс аясында біз цифрлық теxнологияларды дамытып, телеарналарды xалыққа тегін таратып жатырмыз. Өткен жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 40 телесериал түсірілген болатын. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрын болған межеден екі есеге артық. Отандық сериалдарды дамытуға мемлекет басшысының өзі баса назар аударып отыр.
Ондай телеxикаяларды тек мемлекеттік арналарға емес, коммерциялық телеарналарға да тапсырған болатынбыз. Осы сериалдар арқылы қоғамның әлеуметтік тұстары — отбасылық құндылықтар, береке мен бірлікті насиxаттап, xалқымыздың бай тариxы мен дәстүрін көрсетуге тырыстық. Ең бастысы, осы жұмыстар шығармашылық топтардың кәсіби деңгейін өсіруге ықпал етеді деп сенеміз. Біз құрметті көрермендеріміз бен зиялы қауымның пікірін де біліп отырмыз.
«Экранды шетелдік сериалдар жаулап алды» деп жатқандар да бар. Сондықтан біз алдымызға ауқымды стратегиялық мақсат қойдық. Ол мақсатымыз — сапалы отандық телефильмдердің санын арттыру, көрермен талғамына сай жақсы сериалдарды түсіру»,— деп мәлімдеді.