Немересі әженің Әлжандайын!
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы – Ғасыр Ғұламасы, Әлемге әйгілі Парасатты Саясаттың Пайғамбары! Нұрсұлтан Атаның санасын нұрлы сөзбен сусындатқан, дүниетанымына даналық нәрін сіңірген, Елбасымыздың тарихи тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан аяулы анасы – Әлжан Ана. Еңбегі ерен Әлжан Ананың тәрбиесін көрген тағылымды немересі – Дариға Нұрсұлтанқызы. Осынау қасиетті де қадірлі жандарға ізгі ниетпен арнадым!
Шын жүректен жаудырдым жыр тағы мен,
Жырым егіз қазақтың нұр таңымен.
Болашағы бұл елдің жарқын мәңгі,
Нұр-Атаммен, Нұр-Ата ұрпағымен!
Нұр-Атаммен бұл елде жетелес кім?
Ұрпағымен бұл елде жетелес кім?
Жарасады соларға ПРЕЗИДЕНТТІК,
Лайық емес бұл таққа бөтен ешкім.
Уа, ағайын, әдептен аттамайық,
Гүлдей көркем тілекті ақтарайық.
Нұр-Атамның ұрпағы – Дариға Әпке,
Болашақта сол ғана таққа лайық!
Уа, ағайын, Әпкемді күндемеңіз,
Күндесеңіз, өтінем, үндемеңіз.
Тұнық бұлақ секілді таза ойлар,
Болсын деймін әрқашан тілге негіз.
Біздің уайым, ағайын, арзан уайым,
Уайым деген болсашы маржандайын.
Дариға Әпке – Қазақтың дана қызы –
Немересі Әженің Әлжандайын!
Әлжан Әже жалғасы – асыл жарық,
Қазақстанның мерейін асырды анық.
Ақ сөйлейік, ағайын, адалдықпен,
Берекесін қазақтың қашырмалық!
Әлжан Әже – Әжелер қайда мұндай,
Әжелердің арқасы жайлауың бай.
Әже болған Абайда Зередейін,
Әже болған Шоқанда Айғанымдай.
Нұр-Атамның Анасы – Әлжан Ана,
Нұр-Атамның Әжесі – Мырзабала!
Аналардың арқасы, біле-білсек,
Бейбіт күйде бүгінде бұл замана!
Уа, ағайын, біз ұлы жол бастадық,
Ұлы жолда ойланбай, ор баспалық.
Ананы құрметтеуден туды жырым,
Анасын құрметтемес оңбас халық.
Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев