Берке хан Құдысқа жерленген

ӨМІРБАЯНЫНАН АЗ-КЕМ ДЕРЕК

Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Амангелді Еренғайыпұлы Әбдіхалық мырза — көпшілікке танымал азаматтардың бірі. Тәуелсіздіктен бері қарайғы ши- рек ғасырда Қазақстаннан қасиетті Меккеге қажылық парызын өтеген отандастарымыздың ұзын-ырғасы 20000 адамнан асса, соның тең жар- тысынан астамына жетекшілік еткен. Амангелді қажы 1973 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген. 1994-1999 жылдар аралығында Египеттің астанасы Каир қаласындағы әйгілі Әл-Әзһар уни- верситетінде білім алған. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент, көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Қазіргі таңда ол Нұр-Мұбарак университетінде докторантура бөлімінде оқып жүр.

Берке хан Əл-Ақсаға қалай келген?

— Ислам əлемінің қасиетті орындарын көп рет зиярат еткен адамсыз. Осы əңгімені соңғы кезде тағы да саяси тартыстардың тұздығына айналған Құдыс (Иерусалим) қаласынан бастасақ деймін…

— Құдыс қаласы мұсылмандардың 3-қасиетті орны саналады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ха- дистерінде «үш жер бар, арнайы барыңдар» дейді. Мұның алғашқысы Меккедегі Қағба, Əл-Харам мешіті. Екінші орын нұрлы Мəдина қаласындағы Пайғамбар мешіті. Үшіншісі осы Құдыс қаласындағы Əл-Ақса мешіті. Осындағы Əл-Ақса мешітінде, ислам деректері бойынша, 300 пайғамбардың ізі қалған. Қасиетті құранның «Исра» сүресінде «бұл жерді берекелендіріп қойдық» деген аят бар. Сондай-ақ «Əл-Ақса ме- шітінде оқылған əр намазда 500 намаздың сауабы бар» делінеді. Бұл жерде айтылған тілек қабыл болады. Өкінішке қарай, сол қасиетті көне қала қазіргі таңда Израиль мемлекетінің иелігінде. 1948 жылы БҰҰ-ның шешімімен Израиль мемлекеті құрылды. Оған дейінгі тарихта қала арабтардың, яғни Палестинаның жері екендігі белгілі. 1967 жылы Израиль араб елдеріне қарсы соғыс ашып, өздерін дербес мемлекет ретінде іргесін бекем- дей түсті. Содан бері бұл аймақта екі ұлттың арасындағы қақтығыс толастаған емес. Ежелден бері сонда өмір сүріп келе жатқан 1,5 миллионнан астам арабтар бар. Олар еврейлерден бөлек ауданда тұрады. Бір-бірімен қарым-қатынас жасауда өте қатаң тəртіп ұстанады. Ешқашан ара- ласпайды, өзара құдандалық, алыс-беріс дегендер атымен жоқ. «Құдыс — біздің қаламыз, біздің ежелгі мекеніміз» дейтін арабтар еврейлерді басқыншы ұлт ретінде өте жек көреді.

Құдыс — үш діннің түйіскен жері. Себебіне келсек, бұл жерде қасиетті Əл-Ақса мешіті бар. Əл-Ақсаға жақын жерде христиандардың қасиетті орны саналатын «Қиямет» шіркеуі орналасқан. Онан соңғысы — Əл-Ақсаның батыс қабырғасы. Оны еврей- лер «Өксік дуалы» деп атап, өздерінің қасиетті орны етіп алған. Құдысқа барған адам өзінің діни қалаға келгенін бірден сезінеді.

Əрбір дін өкілдері өздерінің діни киімдерін киіп жүреді. Үш діннің өкілдері де «Ескі қала» деп аталатын жерге жина- лады. Мұсылмандар келеді де, Əл-Ақсадан бір-ақ шығады. Христиандар да Əл-Ақсаға беттеп келе жатады да, солға бұрылып, өздерінің «Қиямет» шіркеуіне кіреді. Ал еврейлер оңға бұрылып, «Өксік дуалына» барады.

— Орта Шығыс өңірімен біздің тарихтағы ата-бабаларымыз өзара байланыста болған ғой. Сол бабалардан жеткен тарихи деректер бар ма? Яғни «із-дерегі» қалай?

— Тəуелсіздіктен кейін еліміздің мұсылмандарына исламдағы қасиетті жерлерді зиярат етуге жол ашылғаны белгілі. Қазір қазақстандықтарға бұл жерлерге баруға ешқандай кедергілер жоқ. Мен өзім басқарып отырған компаниямен сол жерлерге баруға ниет еткен адамдарды бастап барып жүрмін. Соның ішінде Құдысқа 2007 жылы жо- лымыз түсіп еді. Қазірге дейін осы қалаға 65 рет сапар шегіппін. Енді тарихи байланыстары туралы əңгімеге келсек, Алтын орда дəуірінде Құдыспен байланыс өте тығыз болған екен. Менің Шейх Нажих Бкират деген досым бар. Бұрын Əл-Ақса мешітінің директоры болған еді. Қазір мешіттің архив бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Тарих ғылымының докторы. Сол кісінің мұрындық болу- ымен, көптеген тарихи деректермен, құжаттармен танысудың орайы келді. Бірде Шейх Нажих бізді бастап келді де: «Мынау сендердің хандарыңның қабірі», — деп, ескі қабірді нұсқады. «Бұл кім?» — дестік біз. «Алтын орданың ханы Беркенің зираты», — деді ол. Қарасақ, қабырғаға ілінген тақтада араб тілінде «Барака Хан» деген жазу тұр екен. Біз таң қалдық. Біздегі тарихи кітаптарда «Берке хан 1266 жылы Кавказға жасаған жорық кезінде қайтыс болды, Сарай-Беркеде жерлен- ді» делінген еді. Ендеше, Алтын орда билеушісі қалайша Құдысқа жерленген деген сұрақ туды. Оны да Шейх Нажих өзі түсіндірді. Берке хан Орта Шығыстағы мəмлүктермен жақсы қарым- қатынаста болғаны белгілі. Оның үстіне Берке хан билік құрған шақта ислам діні Алтын орданың мемлекеттік діні ретінде мойындалған. Сол Бер- ке хан көзі тірісінде «сүйегімді Құдысқа апарып жерлеңдер» деген өсиет қалдырыпты. Ханның сол аманатын орындаған сарайдағылар Беркенің сүйегін киізге орап, екі ай бойы сапар шегіп, Құдысқа жетіп, Əл-Ақсаға жақын жердегі мазарға жерлепті. Хан зираты Əл-Ақсаның дарбазасына 20 метрдей жердегі қорғанның ішінде тұр. Тағы бірде Шейх Нажих хабарласып: «Сүйінші, сендердің бір бабаларыңның қабірін таптық», — деді сенімді түрде. Сөйтсек, өздері отырған кеңсеге жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан кезінде жерді қазып жатып, бір құлпытасқа жолығыпты. Бүлінбей табылған тастың бетінде араб тілін- де «Қоңқабай» деген жазу көрінген екен. Мұны естігенде ауылдағы əлдебір ағайынымыздың есі- мі қайта жаңғырғандай болып, барлығымыз елең ете қалдық. Шейх Нажих құлпытастағы аты-жөні бойынша көне деректерді ақтарып отырып, оның да із-дерегін табады. «Қоңқабай» да Бейбарыс сияқты қазақ даласында туып, бір замандарда Шам өлкесінің əкімі болыпты. Ол да тірлігінде Əл- Ақсаға жақын жерге жерлеуді аманаттаған екен. Бұл əңгімелерді естіп, таң қалдық. Сол аймақтың топырағының астында біздің бабаларымызға қатысты талай-талай тарих көміліп жатқандығын сездік.

Бейбарыс Əл-Ақсаны қайта салған

— Орта Шығыс жерінде Бейбарыстан өзге бүгінге аты жеткен қыпшақтар туралы аса көп біле бермейміз ғой. Мынауыңыз қызықты де- рек екен…

— Бұл өңірдің көзі қарақты адамдары қазіргі таңда «Қазақстан» дегенде Бейбарысты еске алғандарын да көрдік. 2007 жылы алғаш рет Əл- Ақсаға бір топ қажылармен келдік. Ол кезде араб- тар мен еврейлердің арасында жанжал шығып жатыр екен. Қала əкімшілігі Əл-Ақсаның астымен тунел өткіземіз деген шешім шығарып, құрылыс техникалары енді келіп жерді қаза бастаған кезде арабтар бірден қарсылық көрсетіпті. Біз келерден бұрын мұны білген жоқ едік. Тобымызды бір еврей жігіт бастап келе жатқан болатын. Бар арманымыз — Əл-Ақсаға кіру. Əлгі еврей бізді бастап отырып, «Өксік дуалына» алып келді де: «міне, Əл-Ақса», — деді. Біз дереу «мынаның ар жағындағы мешіт керек» деп шу ете қалдық. «Оған қазір сендерді жібермейді. Жанжал шығып жатыр», — деді ол. Сосын таяуда тұрған бір арабқа жағдайымызды айтып, жол сұрадым. «Мына тунелмен жүріп отырсаң, алдыңда Силсила деген есік бар. Сол жерден Əл-Ақсаға кіруге болады», — дегені. Сөйтіп, Əл-Ақсаға кірдік, намаз оқып, дұға тілеп жатырмыз. Көңілде толқу бар, сырттағы қаптаған əскерлерден сескеніп те тұрмыз. Бір кезде бізді ба- стап кірген Мұхаммедтен: «Мұнда суретке түсуге рұқсат етер ме екен?» — деп сұрадым. «Сіздер несіне бізден рұқсат сұрап тұрсыздар? Керісінше, біз сіздерден рұқсат сұрауымыз керек», — деді Мұхаммед. Мен аңтарылып қалдым. «Сіздер Бейбарыстың ұрпақтарысыздар ғой, бұл мешітті сендердің бабаларың Бейбарыс қайта салдырған. Сондықтан мынау мешіттің нағыз иесі сіздер бо- ласыздар», — дегені. Қасымда тұрған қажыларға осынау сөздерді аударып бергенімде, «қайран ба- бамыз-ай, Бейбарыс бабамыздың əруағы-ай» деп өздері толқып тұрған кісілер жылап жіберді. Осы оқиғадан кейін талай жайға қаныққандай болдық. Бұрын «Бейбарыс тек Мысырда ғана болған» деп ойлаушы едік. Сөйтсек, Бейбарыстың Құдыста салдырған қақпасы, көпірі, медреселері əлі күнге сақталып келген екен. Міне, Құдыс қаласы біздер үшін тұнып тұрған тарих демей көр! Өкінішке қарай, тарихшыларымыздың көбі бұл жағынан бейхабар. Негізі, тарихи деректерді сол жақтан да іздеу керек екен. Шейх Нажихтың айтуын- ша, Бейбарыс Мысырды билеп тұрған кезінде Құдысқа да ықпал еткен. Бертінге дейін баста- рында құлпытастары бар, мəмлүктердің қабірлері сақталып келіпті. Өкінішке қарай, соңғы кездегі қарқын алған құрылыс жұмыстарына байланысты олардың барлығы тегістелген.

Мекке, Мəдинаға да қамқор болған

— Сол жақтағы ғалымдармен қарым- қатынасыңыз туралы, көне тарихтың үзіктері туралы тың деректер айтып отырсыз. Енді со- лармен бірлесіп зерттеулер жүргізу ойыңыз бар ма? — Біз қазір сол Шейх Нажих досымызбен Бейбарыс бабамыз туралы зерттей бастадық. Ол кісі басқаратын архивте отандық тарихшыларға беймəлім талай жазба деректер сақталған. Бейба- рыс дегенде Кеңес одағы кезінде түсірілген фильм көз алдымызға келеді. Өкініштісі, онда ешқандай тарих көрсетілмеген. Бейбарыстың ислам əлеміне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сол Шейх Нажих до- сымыз: «мен Бейбарысты ұйқы көрмеген патша деп сипаттар едім», — дейді. Ел басқарған 17 жылында оның дамылдап отырған кезі аз болып- ты. Бірде Каирде, бірде Иорданияда, енді бірде Шам жерінде жүріпті. Құдысқа да қыруар еңбек сіңірген екен. Ел іргесін бүтіндеу үшін арпалы- сып өткен. 1260 жылы қыркүйектің басында өткен Айн-Жалут шайқасында оның орналастыруы бойынша қарсы соғысқа дайындалған əскерлері өмірі жеңіліс дегенді білмейтін монғолдарды ойсырата жеңеді. Айн-Жалут жеріне де жолымыз түсіп барып қайттық. Ол Палестинадағы Назарет қаласының маңында орналасқан мекен. Бір жағы тау, бір жағында Жалут өзені ағып жатқан жазық жер. Сол кезде Бейбарыс шапқыншы əскерлердің Айн-Жалутқа жететін уақыты мен жол жағдайына талдау жасай отырып, монғолдардың аттары бұрлығып келетінін болжаса керек. Сөйтіп 20 мың əскермен келген Кетбұқа (араб тарихында Катбука, Китбука деп жазылған) тірідей қолға түсіп, Құтыз сұлтан өз қолымен оның басын шабады. Кейін осы жеңісті еске сақтау үшін Бейбарыс сұлтан Айн-Жа- лут жеріне «Мəшһаду насыр» (жеңіс белгісі) деген белгі орнатқызған деген дерек бар. Өкінішке қарай, бұл белгі бүгінге жетпеген. Сол Айн-Жалуттың кез келген жерін қазсаң, баяғы замандағы соғыстан қалған монғол əскерлерінің қару-жарақтарының қалдықтарын тауып алуға болады дейді білетіндер. Бейбарыстың атағын шығарған бұл шайқас туралы араб тарихшылары көптеген деректер қалдырған. Оған себеп Хулагу ханның əскерлері бетке алған жерлерінің барлығын қан-жоса етіп қырғын са- лып келе жатқан еді. Арабтардың үрейлері ұшып, «құранда айтылған шығыстан келетін Яжуж, Мəжуж қауымы осы болса керек» десіп, өмірден күдер үзіп отырған шақта естілген жеңіс хаба- ры бүкіл халықты шаттыққа бөлеген болатын. Сонан кейінгі жерде «Зоһир Бейбарыс» атанып кеткен екен. Бейбарыс билік құрған замандарда Мекке, Мəдина қалалары тұтасымен Бейбарысқа бағынышты болған. Осы қасиетті қалалардың басшылары мен белді имамдарын өзі тағайындап отырған. Өзі екі мəрте қажылық өтеген екен. Бұл туралы тарихи деректерде көп кездеспейді. Бір рет қажылық сапарына келген кезде, Қағбаның кису- асын ауыстырыпты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабірі мен жанындағы мешіттің (пайғамбар меші- ті) мұнарасын жаңартқан. Осы айтылғандардың барлығын тарихшы Шейх Нажихтың зерттеуле- рінен біліп отырмыз. Бізге дейін жеткен жазба деректердің авторы Бейбарыстың қасында жүріп, хатшылық еткен Ибн Шəддəт есімді тарихшының жазып қалдырған мұралары болған. Ал Бейба- рыс туралы осыншама деректер не үшін ашыққа шықпай келген дегенге келсек, шиғалар Бейба- рысты ұнатпаған көрінеді. «Бейбарыс Құтызды өлтірді» деген жалған тарих та шиғалардың таратқан қауесеті көрінеді. Бұлардың барлығы та- рихи құжаттармен дəлелденген дүниелер болып отыр.

— Тамыры тереңде жатқан талай тарихтың бетін ашып отырсыз. Сол өңірдің қазіргі тұрғындары, қыпшақтар туралы, олардың туған жері, бүгінгі қазақ топырағы туралы біле ме?

— Мен алғаш рет Египетке оқуға барған 1994 жылдары жергілікті адамдармен əңгімелескенімізде, Қазақстан туралы біле бер- мейтін. Енді ғана тəуелсіз ел болып жатқан кезі- міз ғой. Бірақ Бейбарыс аты шыққанда барлығы «Зоһир Бейбарыс» деп еске алғанымен, тарихтағы қыпшақ даласы, қазіргі қазақ жері туралы дерек- терді айта алмайтын. Қазір мүлде басқа жағдай. Екі ел ғалымдары арасында ғылыми, мəдени байланыстар орнауының нəтижесінде көп нəрсе өзгерді. Қазір Қазақстанды жақсы біледі. Біз- ді «Бейбарыстың ұрпақтары» деп көтермелеп те жататындарын көріп жүрміз. Алғаш Каирге барғанда Бейбарыс салдырған мешітті көрдік. Сол баяғы қалпында тұр десті білетіндер. Үш көшенің түйіскен жеріне орналасқан көне мешітке студент кезімізде жиі келіп тұратынбыз. Шет жағында ашық төбесі бар. Сол ашық алаңдағы топырақта кəдімгі қамыс өсіп тұратын. Египеттің басқа жер- лерінен қамыс көрмеппіз. Осыған таң қалатынбыз. Елді, жерді сағынып жүргенде, сол қамысқа қарап тұрып, қазақтың даласына келгендей болушы едік. Кезінде Елбасымыз Египетке сапарлай барған кезінде арнайы барып зиярат етіпті. Сол жолы мешіттің құрылысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісіп, Қазақстан тарапы қаржылай көмек беретін болып шешкен екен. Ара- да біраз жылдар өтіп, 2007 жылы бір топ адаммен Каирге бардық. Бейбарыстың мешіті тозып ке- тіпті. Бар жаңалығы, кіре берісіне тақта орнатылып, оған ағылшынша, қазақша, арабша үш тілде мешіттің тарихы жазылған екен. Біздің елшіліктің орнатқандығы көрініп тұр. Ішіне кірсек, ешқандай жөндеу жүргізілмепті. Бір бұрышына ғана намаз оқуға болады, қалған қабырғалары құлай бастап- ты. Төбесіне шығатын ашық жері бар еді. Ол жақ дəретхана болып жатыр. Бірге жүргендердің ішін- де соны көрген біреу: «Мынау не сұмдық, баба- мыз осындай қор болып жата ма? Үкіметтің ақша бөліп жасататыны қайда?» — деп жылап жіберді. Сол сапардан келгеннен кейін тиісті орындарға мəн-жайды құлаққағыс еттік. Көп өтпей үкіметтен қаржы бөлініп, мешіт құрылысына жөндеу жүргізіле бастаған кезде Египетте саяси толқулар басталып кетті. Содан қайтып ол жаққа жолымыз түскен жоқ.

Əңгімені осы арадан үзуімізге тура келді. Бұл сұхбатымыз тарихшыларымызға ой салса, нұр үстіне нұр болар еді…

Сұхбаттасқан — Ерқазы Сейтқали