Л.Толстойдың айтқаны…
… Менің пайымымда жүрегінде имани сәуле һәм діни сенім жоқ адам — ол бір қоғам сызып берген шеңберден әрі аттап баспайтын руxани мүгедек.
Әлбетте, ол да пенде болған соң адамға тиесілі жақсылы-жаман қасиеттің бәріне ие және қандай қиямпұрыстықты да алдымен солар меңгереді. Олар даңғаза тойға құмар, өзінен өзгені көзге ілмеуге бар, әрнеге әуес көрсеқызар, бұның бәріне қоса өнерді, ғылымды қатар ап жүре береді. Бұндай адамдар әркез айналасының уысында, бұндайларға не қаласаң соны істете аласың.
Менің білуімде, еуропалық және америкалық интелегенция түгелімен тап осындай. Бұл руxани мүгедек интелегенция ештеңеге сенбейді, жапырып бірдеңе бітіріп жатқанын көрмейсің, бірақ тіршілікке тастай. Айналасындағыларды теспей сорып, екпей орып, өзгенің адал еңбегімен арам аранын бітеуге арланбайды.
Ең сорақысы, бұлар барлық күш-қуатын Халық жүрегіндегі сенімді селдіретуге, Елді иманнан алыстатуға немесе осы сенім мен иманды мүлде жойып жіберуге жұмсайды.
Алдымен, жүрегіне діни сенім берік орныққан тұлғаларды тоздырады. Одан кейін, жұрттан асқан ғалымды, өнер және әдебиеттің қаймақтарын құртуға тырысады. Үйткені, ел жүрегіне құрттай қаяу түсерде астана жұртына арашашы болар осылар ғана…
(с) Лев Толстой