АИТВ-инфекциясының адамзатқа зияны қандай?

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникация ұйымның ұйымдастыруымен «Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісі бойынша АИТВ-инфекциясының таралуы төмен елдер тобына кіреді» атты тақырыбында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Аталмыш шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркин қатысты.

Оның айтуынша, дүние жүзі бойынша 42 миллион адам инфекция жұқтырған. Оның тек жартысы ғана қажетті ем алып жатыр. Алайда, соңғы мәлімет бойынша олардың саны 50 пайызға азайған. Ал Қазақстанға келер болсақ, 20 мыңдай адам АИТВ-пен өмір сүреді. Өткен бес жылдың ішінде тұрғындар арасында тестілеуді арттырғанның арқасында АИТВ-инфекциясының өсу қарқыны үш есеге, анадан балаға берілу денгейі төрт есеге төмендеген дейді Бауыржан Байсеркин мырза.

Алматы қаласының ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Айнұр Жандыбаева ханымның айтуынша, «АИТВ-ты жұқтырған адамдардың 30 пайызын басқа қаладан келген адамдар құрап тұр. Қаланың кез-келген тұрғыны тіркелген мекен-жайы бойынша емханаға барып (жасырын түрде болсын) тегін тексерілуімен қатар, инфекция жұқтырған жағдайда тегін медициналық көмек ала алады. Біздің орталықтың лабораториясы жылына 300-ден астам зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол дегеніміз қаламыздың 15-18 пайызы бұл тексерістен өтеді деген сөз.  Қазақстан АИТВ-инфекциясы таралуы бойынша ең төмен мемлекетке жатады. Қаламызда 750-дей ірі және ортабизнес құрылым болса, соларға біз жыл сайын арнайы барып, дәрістер оқып, әңгімелесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрамыз және тағы басқа да бизнеске ықпалы бар ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз».

Жиында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағының қызметкері Любовь Чубукова мен «Джонсон @Джонсон» ЖШҚ ҚР-ғы бөлімшесінің бөлім бастығы Равиль Блатов қатысты.

АИТВ-пен қалай күресу керек, оны жұқтырып алмау үшін қандай ережелерді ұстанған дұрыс және инфекция жұқтырған адам мемлекет қаражатынан емделе алатыны туралы, тұрғындардың тестілеуге қатысып аз уақыттың ішінде нәтижесін біле алатыны сияқты жеңілдетілген, адамдардың өз қалауымен оған қатыса алатындай жағдай жасалғанымен қатар, Олар халық көп шоғырланған жерлерде түсіндіру жұмыстарын көбірек  жасаймыз дейді.

Ал, наурыз айында халық арасында АИТВ-ның бизнеске ықпалы жөнінде бизнес-құрылым өкілдері үшін Бүкіләлемдік экономикалық форумының (БЭФ) жыл сайынғы сауалнамасы жүргізіледі.