ОҚО-да көмір мәселесі жоқ
Оңтүстік Қазақстан облысында көмір мәселесі жоқ. Өңірге күнделікті орта есеппен 2,5 мың тонна көмір тасмалдануда. Бүгінгі таңда облыстағы арнайы базаларда 19 мың тонна көмір қоры тұр. Бұған ҚР Энергетика министрлігінің тапсырмасына сәйкес Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тексеру барысында көз жеткізілді.
Қазіргі кезде облыс әкімдігімен көмір мәселесі күнделікті қадағалауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылған.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан обылысының 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына тұрмыстық-шаруашылық жағдайларға көмір отынының қажеттілігі 1 млн. тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнге тасмалданған көмірдің көлемі 874 мың тоннаға яғни, 88 пайызға жетіп отыр. Оның 750 мың тоннасы тұғындардың қажеттілігіне жұмсалса, 250 мың тоннасы жылыжайларда пайдаланылады. Осы тасымалданған көмір көлемінен қазіргі таңда темір жол станцияларындағы қоймаларда 19 мың тонна қоры бар.
«Тексеру нәтижесінде Шымкенттегі темір жол станциясында 2,6 мың тонна, Түркістандағы станцияда 1,4 мың тонна, Отырар ауданында 800 тонна, Сарыағаш ауданында 13 мың тонна, Манкентта 1,2 мың тонна, Ленгір қаласында 1 мың тонна көмір қоры бар екені анықталды. Сонымен қатар, облысқа күнделікті орта есеппен 2,5 мың тонна көмір тасмалдануда», — дейді Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Нұрман Шілдерханов.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнымен бірлесіп, көмір тасымалдау барысына күнделікті мониторинг жүргізіп отыр.