Олимпиада-2018: Қазақстан туы атлеттер ауылында тұр
Оңтүстік Кореяның Пченчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті қазақстандық спортшыларды күтіп алуға сақадай сай. Пхёнчхан мен Каннындағы атлеттер ауылында Қазақстанның Мемлекеттік Туы алғашқылардың бірі болып ілінді. ҰОК сонымен бірге, Қазақстанның ұйымдастыру штабының делегациясы дайындалғанын атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми хабарлауы бойынша, бүгінде құрама еншісінде 57 жолдама бар. Олар биатлоннан — 10, мәнерлеп сырғанау — 3, шорт-трек — 12, конькимен сырғанау — 12, шаңғы жарысы — 7, фристайл-могул — 4, фристайл-акробатика — 5, тау шаңғы спорты— 2, трамплиннен секіру— 1, шаңғы спорты — 1. Естеріңізге салайық, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.
Еске сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасының биатлоншылары 1 ақпанда бірінші болып олимпиадалық ауылға кіреді. Келесі күні тау шаңғысы спорты мен коньки спортының шеберлері ұшып келеді. 3 ақпан күні олимпиадалық ауылға шорт трек пен могулшылар, 5 ақпан күні шаңғышылар, трамплиннен секірушілер жетеді. Фристайл-акробатика бойыншаҚазақстанның намысын қорғайтын спортшылар 8 ақпанда, ал мәнерлеп сырғанаушылар одан кейін бармақ. Қазақстанның Туын олимпиадалық ауылда салтанатты түрде көтерушарасы 7 ақпанда өткізілмек.
Ермек Сахариев