Шоқынғаннан да жаман надандық

Православ әлемі жылда қарсы алатын биылғы «Шоқыну мейрамын» қазақтар ерекше «ықыласпен» атап өтті. Елордамыздан бастап, еліміздің барлық аймақтарында крест қалпында ойылған мұздай суға шомылған христиандар арасында қазақтар да болды. Тіпті, Астанадағы «Шоқыну мейрамында» бір орыс жігіті «мына жерге келгендердің 90 пайызы қазақтар» деп риза болып отырғанын естідік. Осы біз қайда барамыз? Бұл не? Сонда қазақтар діннен шыға бастаған ба, жоқ әлде дарақылыққа салынып, еліктеуден, ермеліктен осыған душар болып отыр ма? Шын мәнісінде бұл діни сауатсыздықтың, мәдени пайымның төмендігінің, ұлттық болмыстың қадір-қасиетін білмегендіктің белгісі емес пе?

Жердегі бірден-бір көне ұлт — қазақ

Олай болса, бүгінгі егеменді Қазақстанда бірден-бір көне халық болып саналатын тек қазақ ұлты ғана болмақ. Халқымыздың және ата-бабаларымыздың барлық өмір тіршілігі тек оның өз жері мен елінде ғана өрбіп-өскен.

— Жаңа туған қазақ баласының құйымшақ үстіндегі көк таңбасы, ол барлық Азия тектес халықтарда бар. Көк таңба тек еуропалық балаларда жоқ. Қазақтарда көк таңбаның болу себептері, әлемдегі халықтарды антропологиялық жүйелегенде қазақтар еуропеоид пен монголоид расалар* ортасынан метистік популяция ретінде орын алады. Және қазақтарда жалпы монғолоид элементтері басым болып келеді, яғни оның үлесі жетпіс пайызды құрайды, ал отыз пайыз қазақ халқының бұдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген ата-бабаларының үлесіне жатады. Бұл араласу, метистік процесс Қазақстан жерінде бұдан бұрын, яғни жыл санауымызға дейінгі V ғасырдан басталған. Содан бастап бұл процесс жыл санауымыздың XV ғасырына дейін жалғасқан, демек, екі мың жыл уақыт ішінде болған антропологиялық құбылыс болып саналады.

Қазақ халқының антропологиялық бейнесі XIV-XV ғасырларда қалыптасқан және оның қалыптасуына өз жері мен елінде төрт мың жыл уақыт кеткен. Бүгінгі қазақ халқының антропологиялық қалыптасуының жоғарыда айтқанымдай, қырық ғасырлық тарихы бар.

Керек десең, кейбір опасыз адамдар қазақтардың ауыз қышқыл сілекей жайындықтарын, тіпті біздің ұлттың тірі қандарын Ресейге, Америка Құрама Штаттарына шекарадан ешбір кедергісіз алып өтіп жатқандарына қайран қаласың. Мұның бәрі тегінде жақсылыққа апармайды, қазақ халқының геноқорының құпиясына жат елдің қол сұғып жатқаны келешекте халқымызды мүгедектікке, мәңгүрттікке, я болмаса құртып жіберуге апаруы мүмкін. Мұның бәрін бейқам халық түсінбейді, білмейді. Бұл алапатқа тек үкімет тарапынан ғана тиісті тосқауылдар қойылуы қажет.

«Дәстүр» журналынан