Туризмді дамытқан әкімнің рейтингі өседі
Қазақстанның Спорт және мәдениет вице-министр Ерлан Қожағапанов: «Біздің министрлік жұмысқа қатысты жаңа көрсеткіш енгізуді жоспарлап отыр. Алғаш рет туризм секторы ұлттық экономика драйверлерінің қатарына қосылды.
Осыған орай ішкі және сыртқы туризмді бес критерий бойынша бағалап, әкімдердің рейтингін осыған сәйкес жасап отырмақпыз. Аталған критерийлер келесідегідей: аймақтағы туристік лектің динамикасы, қонақүйлердің жұмысбастылығы, туризмді дамытуға арналған бюджет, осы бюджеттің игерілуі және туризм саласынан салық аударып отыру.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында аймақтарда туризмді дамытудың маңызды екенін айтқан-ды. Соған байланысты Введомство туризмнің сакральды, экологиялық, мәдени-танымдық, медициналық және спорттық сынды жаңа түрлерін дамытуды жоспарлап отыр», — деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, Ерлан Қожағапанов Қазақстанға жыл сайын келетін туристер санының өсіп келе жатқанын айтып өтті. Осылайша 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы келген шетелдік қонақтардың саны 18 пайызға артқан екен.
Ермек Сахариев