Әйелді ұруға бола ма?
ТӨЗЕ БІЛЕТІН ӘЙЕЛ – ЕҢ БАҚЫТТЫ, КЕМЕЛ ӘЙЕЛ!
«Қайғы келсе қарсы тұр құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме».
Абай.
«Шын хәкім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес».
Мағжан Жұмабаев.
Келешегім, Алаш ұл-қыздары!
Есті де текті адамның иығына түскен өмірлік ауыр салмақты қалай болған күнде де шыдамды кісілікпен жеңе білудің үлгі өнегесін оздыра білу кезеңі – ақыл-парасат пен төзімді қайраткерліктің, тәлім-тәрбиенің ұтқырлығы сыналар кезеңі де, жақсы мен жаман, есті мен ессіз мәңгүрт атаулының ара жігі айдай айқындалар кезеңі де екені естеріңізде үнемі болсын.
Өлеңшіге өкім жоқ. Себебі қоғамдағы болып жатқан жүгенсіз азғындауға қатысты ел, ұлт, халық, ұрпақтың бүгінгі және болашақ қамы үшін өз пікірін ашық айтуға әрі құқылы, әрі міндетті.
Мемлекет іштен шектен тыс іріп-шіріп, аса қауіпті дәрежеде иістенуге байланысты ат қораға айналудың ақыры қай заманда да оның жойқынды кесапаттары зор болғаны тарихтан белгілі. Неге?
Өйткені қабілетсіз адам көпірме сөзге, құр уәдені үйіп-төгуге айрықша үйір келетіндігін, өтірік айтуға келгенде шебер, көзбояушылық жасауға келгенде аса іскер келетіндігін уақыттың өзі шүбәсіз дәлелдеумен келеді. Ендеше мұндай опасыз іс-әрекеттің салдарынан отбасылық тұрмыс-тіршілік тұралады, көтерем тұқым жұтады, тәлім-тәрбие, тәртіп құрдым құдығына құлады. Әркім өзінше өлместің күйін күйттеп, әупірім деп тіршілік кешуге мәжбүр. Бірақ, ай жарық, ең кедейі де, ең күйсізі де, үйсізі де… тек қана қазақ. Бүгін тұрғызылған баспана, мектеп, аурухана… ертеңіне құлап жатыр. Тағайындалған жаңа министр бір айға жетпей абақтыға жабылып жатыр. Қысқасы, көріпкел Абылайдың түсіне кірген қорқынышты эпизодты еске түсірсек, өмірдің шын анығы біз бітудің алдында тұрмыз.
Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды дегендей, ол ол ма, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін мектеп мәселесі, мектептегі білім деңгейі, үштілділік деген саясат, кіріптар, күйсіз ұстаздардың жұғымсыз жалақысы, елдегі экология, ауру-сырқаудың шектен шығуы, өлім-жітімнің көбеюі, дәрігеріміздің сорақы салғырттығы мен ауру кісінің қалтасын қағуға қатысты құштар надандық күйі, күн сайынғы қымбаттаудың жүгенсіз шарықтауы, кезінде дүркіреп гүлденген ауылдың молаға айналуы, қазақтың басы ауған жаққа босып кетуі, шенеунік халықтың қамын жеу емес, керісінше малын өлермендікпен жеудің шектен шыққан қайырымсыздығы… бұлардың бәрі-бәрі ақыл-есі түзу адамды да, жібі түзу қоғамды да бей-жай қалдыруы мүмкін бе? Жоқ. Сорақы сұмдық.
Міне, бүгінгі таңда өңшең қабілетсіз-қасиетсіздіктің кесапатынан сыбайластық, парақорлық жайлаған қайырымсыз, жабайы қоғамның алапатынан, күллі ел, ұлт, халық, ұрпақ өлшеусіз зардап шегіп, ел-жұрт тарихымызда бұрын-соңды естіп-көрмеген қылыстың түрлері шектен шығып, ушығып барады. Әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік жайлы әңгіме тағы көп. Бір-ақ мысал. Елбасы Н.Назарбаев: «Жемқорлардың тәбеті күштілігі сонша, аспанға жетті» («Nur.kz» 08.02.2018 ж.) десе, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асанов: «Екі млн-дай адам сот әуресімен жүр» («Түркістан» №5 (1227) 01.02.2018 ж. – 7 бет) дейді.
Қалай айтқан күнде де, Алаш баласы, өмірлік қиындыққа қарсы тұра алатын қайсар шыдамдылық танытуға қатысты, ауыртпалыққа төтеп беріп, жеңе білуге қатысты көреген кісілікпен талқылайтын мәселе бастан асады. Аттың ері мойнына кетуге мәжбүрлеуден әрі аса алмайтын бүгінгі ұлтсыз жабайы қоғамның ұлт, ұрпаққа тигізіп отырған аса ауыр кесапаттың саны да көп, ең қатерлі зардабы да шексіз. Соның өмірлік бір дәлелі қазақ отбасында жиі кездесіп жатқан кикілжіңге қатысты аз-маз болса да тоқтала кетелік. Бұл тағдыршешті ұлттық мәселе. Бүгінгі қазақ елі әр отбасын көреген кемеңгер әрі кемел іскерлікпен аман сақтап қала алсақ қана, ел басына күн туған кезде олар да елді аман сақтап қала алады.
Әйелді ұруға еркекті не мәжбүрлейді?
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер,
жеке бір ғылым иесі болуды талап ететін өнер.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді.
Басқа кемел адамдардың отбасының озық тәжірибесімен танысу керек».
Мағжан Жұмабаев.
Келешегім, Алаш баласы, есіңізде болсын!
Өмір – теңіз, адам – қайық.
Өмірлік тіршілік барлық уақытта тақтайдың бетіндей тегіс, араның балындай тәтті болмайды. Өмір болған соң сан алуан қиындықтары – адыры мен бұдыры, суығы мен жымығы, қызығы мен шыжығы, шуағы мен шапағаты, қысқасы, бұның бәрі де кез келген шаңырақ иелерінде кездесетін өмірлік дүние. Бұндай өмірлік тіршіліктен жылу да еседі, салқын да соғады… Сәті түсіп, жолы болған кезеңдерде ерлі-зайыпты жұптың жүрегі шаттыққа толады, кеудесін қуаныш кернейді…
Қалай дегенде де, кез келген қиын-қыстау тіршілікке сабырлы парасатпен көне білген, тап болған өмірлік ауыртпалыққа төтеп бере білген, қажымас қайсар қайраткер, төзімді, шыдамды, текті әйелдің ғана өмірлік бақыты жарқын әрі баянды, жеңісті жемістері зор болатыны әу бастан әмбеге аян. Бірақ…
Ұлт, ұрпақ үшін керекті дерек қажет пе?
Егер қажеттілікті көріп отырған болсаңыз, қадірменді оқырман, ұлт, ұрпақ үшін өмірлік аса қажетті дүниелерді көпшіліктің назарына бәріміз де бір кісідей жұмылып, белсенді күрескерлікпен үнемі ұсынып отырудан, елдің көкіреккөзін ашу мақсатында жан-жақты ағартушылық ұлы қызметінен жалықпай, қажымас қажырлы қайраткерлікпен ат салысқанымыз жөн болады.
Ендеше мендегі ұзақ зерттеу кезіндегі отбасы мәселесінің өзекті түп негізіне қысқаша ғана жүгінер болсақ, отбасында болатын қасіреттің көпшілік жағдайда, тіпті бәрі дерлік тек қана әйелдің ең алдымен тілінің ұзаруынан, өзін-өзі қатаң түрде қадағалап, айтқан сөздерін, істеген істерін терең талдай алмауынан… бастау алады. Жауапсыз, опасыз іс-әрекеттеріміздің түбі ерте ме, әлде кеш пе, әйтеуір жауығуды туғызбай қоймайды.
ХХІ ғасыр сахнасындағы Қазақ қыздары – Айналаңа қара! Құрған отбасың – оттан да ыстық, суытып алма!
Құдай аузына салған болар, немерем Асанәлидің бірде: «Бос мылжың сөз – ақылды адастырып, қатардан қалдырады, есептен жаңылтып, ұтымды пайдадан қағады» деген сөзі есте қалды.
Расында да, сөзі аз, үлгілі өнегесі орасан зор, ізденімпаз, кемел, кемеңгер адам отбасын кез келген қатардан, тіпті озық деген отбасының өзінен де оқ бойы оздыра алатыны даусыз ғой.
Барлық пәле «сен өйтпейсің де, бүйтпейсің… Өзгенікі – алтын, менікі – масыл» сияқты діңкілдеп ерегісті кесірге үндейтін, бастағы миыңды ағуға жеткізетін түртпектеген қырсық, қыршаңқы сөзден бастау алып, аяғы ұрыс-керіске айналады. Ұрыс-керіс алғашқы кезеңде сирек, кейін жиі, тіпті күнде, кейде сағат сайынға ауысады. Еркекке, әсіресе балаларының көзінше намысына тиетін боқтық сөздің небір анайы түрлері қарша борауға жетеді. Бұл өз кезегінде, сөз жоқ, әке-шеше арасындағы жылудың, әсіресе әке көңілінің сууына әкеп соғады. Отбасы жылуы мұзға айналып, қатыгездік орын алады. Мүлде жылымайтын қара тасқа айналып, ынтымақты жылудың қалпына қайта оралмас күйі жүрек түбіне ұялайды. Кектенудің бурадай бұрқасынын оятады, ұлғайтады, ушықтырады. Шыны шытынап, бомба жарылады. Ұрыс-керістен қашып, еркек қаңғыбас болуға, яғни үйге тек қонуға ғана келуді шығарады. Сонда ерін отырса – опақ, тұрса – сопақ етудегі әйелдің көксегені не? Есек ету ме? Әлде, үйден қуу ма? Бұл қандай даналыққа жатады? Қалай джегенде де, еркектің әйелге қол көтеру, бұл – текті тәрбиелік пен мәдениетті кісіліктің көрінісі емес. Құтырғаннан құтылған артық демекші, жауығу шектен тыс ушығып, іс насырға шаппай тұрғанда, сыйластық бар кезде, достық көңілмен, жөнге түспейтін, ақылға ермейтін, жетекке жүрмейтін, дана жолға шұғыл түрде түсуді ұқпайтын, өз өмірін оңға өзгертуге мүдделі кісілікпен құлшынбайтын, тексіз кещеден, тәрбиесіз, білімсіз, кесапатты, мәңгүрт әйелден құтылған жөн сияқты. Өйткені ерлі-зайыпты жұп өзара ынтымақты татулық пен ауызбірліктен ажырағанда, үй-ішінің (отбасының) өмірлік тірлігі керітартпа алалыққа жеткенде, кереге толған бәле болады. Әйтеуір бір жағына шығуы қажет. Отбасы – адам алаңсыз дамуы үшін ең жарқын әлеуметтік ыстық орта. Отбасының ең басты киелі міндеті – баланы әке-шешесі теңдесі жоқ ұлағаты зор, ұлық ұстаздықпен жаһандық бәсекеге сай тұлға етіп, озық дәрежеде тәрбиелей білу. Яғни отбасылық тәрбие ең алдымен әке-шеше өзін-өзі ұтқыр тәрбиелей білуді ұдайы жетілдіре отырып, өзін де, өзінен шыққан ұл-қыздары мен немере-шөберелерін де оздыра білу, бұл – ең маңызды да, ең басты да тәрбие атаулының ең айтулы ұлысы. Отбасына қарап бала өседі. Ендеше біз ұл-қыздарымызға, немере-шөберелерімізге күнделікті тіршілікте қандай текті де озық үлгіні, өнегелі ұлағатты көрсетіп жүрміз осы? Ертеңгі күні олар көргенін қайталайтыны сөзсіз. «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны ілер» деу осыдан қалған.
Міне, атап өткеннің бәрі де түптеп келгенде шектен шығып, еркек түбегейлі араққа салынуға, қылмыстық әрекеттер жасауға итермелейді, арты орны толмас ауыр қасіретке ұласады. Мұндай әйелден ертеңгі күні қандай ене шығады? Қасіреттің ең ауыры сәбилер өлшеусіз зардап шегеді, көңіл-күйі шектен тыс күйреп, денсаулық бұзылады, бақытсыз өмір кешеді. Қасқыр да ұясына қастық жасамайды. Әке-шешенің махаббат-мейіріміне бірдей қанықпаған сәбилердің келешегі қалай болмақ? Бұл сонда кімге тиімді? Ұрпақ неден ойсырап ұтылады? Таяз ойлы, көкірек көзі соқыр, өрісі тар, талдауы жетім, таңдау құдіреті құрыған, опасыз қасиеттер қазаққа, әсіресе әйелге қайдан келді? Кімнен, қалай жұқты, осынау тексіз, кещеліктен қалай тезірек құтыламын деп өзі-өзіне міндетті түрде есеп беру, өзінен-өзі қатаң түрде емтихан ала алатын ақылды, ұлтшыл, есті де текті қыз-келіншектер бұл дүниеде табыла ма? Әлде менен шыққан қыз барған жерінде қадірсіз болып жатса, мен қалайша жер басып жүрмекпін деп ұяттан өлуге құштар шеше бар ма?
Адамзат баласында не көп, ой көп, мақсат көп. Алаш алыптары мен ата-бабаларымыз бізге міндетті түрде қапысыз орындауға қалдырған алтын аманаттары тағы көп. Бірақ… Ұлттық талап-тілектерді қанағаттандыратын әрекеттеріміз мүлде мардымсыз. Сондықтан біздің, бүгінгі исі қазақтың ең негізгі ұлы мақсаты – денсаулығы нық, ең мықты ұлт, жаһандық бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, күрескерлік белсенділігі кемел, рухы асқақ, сапалы ұрпақ қалыптастыра білудің өнегелерін қайткен күнде де оздыра білу, дұшпанымызды күйіндіру, досымызды сүйсіндіру емес пе?!
Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс
Сорлы, тексіз, кесірлі қатынға тап болсаң, күйкі өмір жұтамай, ұл-қыздары сорламай қалмайды. Өйткені өнегелі озық өмірді үнемі насихаттап, ұлықтай білуде балаға ана ретінде ұтқыр үлгі көрсете алмайды.
Мәселен, отбасында күйеуін ашса – алақанынан, жұмса – жұдырығынан шығармаута құштарлығы зор ұлтсыз, тәрбиесіз, әдепсіз, көргенсіз, есуас әйел үнемі құлақ етін жеп, жүйке-тамырын түтіп, тезірек тозуға жеткізіп, тыныш жатқан жынын қоздырып, ашу-ызасын шектен шығарып, түбегейлі күйреуге, отбасындағы жылылық құрып, жауығуға түсірмей қоймайтыны даусыз. Сөйтіп, ақырында еркек өз әйелін ұрып-соғуға мәжбүрлейтін, басқа да адасушылық әрекеттерге итермелейтін тек қана отбасында тексіз әйелдің кесірлі тілінен, тәрбиесіз мінезінен, ақыл-санасыздықтан, ұлтсыз, тәрбиесіз, әдепсіз, мәдениетсіз, мәңгүрт, көргенсіз болмысынан екені айдан да анық ақиқат.
Ақылы жоқ тәрбиесіз, мәңгүрт адамдардың – ел, ұлт, ұрпақты аздырмай қоймайтын кесапатты әрекеттері зор болады.
Ол ол ма, қазақ қауымындағы қыз, әйел біткеннің бәрі де қит етсе «тең құқықтымын», «не істесем де өзім білемін» дейтұғын аса апатты өзімшіл айықпас дертке ұшыраған, ұлттық озық құндылық пен имани асылдық атаулының бәрінен де ажырау кесапатынан екені, сондай-ақ, әйел барлық уақытта өзін-өзі тек жоғары санап, отбасын үстемдікпен билеуге опасыз құмарлығының айрықша артуының апаты тағы бар. Қазақтың түбіне түбегейлі жетіп жатқан да осы апаттар. Сайып келгенде, мұндай әйелдердің қазақ ұлтына, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, отбасына айрықша іңкәрлікпен кіршіксіз адал болу, ел, ұлт, ұрпақ қамы үшін мінсіз қызметтің ең озық өнегесін көрсете білу деген сияқты қағидалы ұғым-түсініктің де, патриоттық қасиеттің де олардың ой санасында, өн бойында мүлде болмайды. Жат елдің еркектеріне күйеуге шығып, байтақ елдің, ұлттың абыройын ессіз арсыздықпен аяққа таптап жатқан да, көрге тірілей көміп жатқан да солар. Қазақтық ұлылық пен даналылықтан қашатын мәңгүрттері өте көп. Түзде де, үйде де орысша сөйлеп, ата тілі – қазақ тілін ұлтсыз, намыссыз, көргенсіз, мәңгүрт кещелікпен аяққа таптауды мақтан тұтып жүргендер солар. Сонда бұлар әке-шешесіз күйде өскен бе, қалай? Бар болса, ұлтсыз, көргенсіз қызымен қоса, олар қатаң жазаға неге тартылмайды? Бұларды ұлт болып, күллі елдің алдында аяусыз әшкерелеп, қатаң жазаға тарту қажет емес пе?! Олар қай бетімен, қалайша жер басып жүр?
Міне, бұлардың бәрі – бұлтартқысыз шындық.
Ерлік білекте емес – күрескерілігі зор жүректе
Бүгінгі тәуелсіз ел атанған елдегі өмірлік шындық көрсетіп отырғандай, ел-жұртты шектен тыс жайлаған ұлтсыз, тексіз, тәрбиесіз, намыссыз, күрессіз, жігерсіз… ез еркек өз отбасына да, Отанға да тірек бола алмайтыны даусыз ақиқат. Яғни өз елін, өз ұлтын да, өз ұрпақтарын да қорғай алмайтынын, тіпті өз отбасын тәрбиелей алмайтынын уақыттың өзі шүбәсіз дәлелдеп отыр. Бұндай ез еркектен ел, ұлт, ұрпақ қандай ерлік тууы мүмкін?
Шындығына келгенде ұлтсыз, жігерсіз, намыссыз, күрессіз, мәңгүрт еркектің өзінің отының басына ие бола алмауының, бала-шағасын ұдағаты зор өнегелі ұтқырлықпен басқара алмауының кесапаттары жайлы ең қасіретті әңгіме өз алдына ерекше бір төбе. Өйткені бүгінгі еркекке қатысты мәселе – өткен тарихымызда бұрын-соңды болып көрмеген ең сорақы сұмдыққа айналып үлгерген, теңдесі жоқ жойқынды ұлттық қасіретке айналып отырған, ең өзекті мәселе, міне, осы.
Бұларды билік мемлекеттік дәрежеде шұғыл түрде қолға алып, шешу қажеттігі кезек күттірмейтін стратегиялық өзекті тағдыршешті мәселелердің бірі.
Апыр-ай, шындық қаншама аса ауыр болса да, істеген опасыз әрекеттерімізді дер кезінде мойындай білудің өзі де, бұл – ерлік. Кейін сол опасыз бағытты шұғыл түрде жақсы жаққа қарай өзгертуге, жаңаша озық өмір сүруге, өзін-өзі жетілдіре білуге құлшына білудің өзі де, бұл – ірі кісілік.
Қазақ қауымында «Адасқанның айыбы жоқ – қайтып үйірін тапқан соң» дейтін аталы сөз бар. Демек, әйел болсын, мейлі еркек болсын өз қатесін өзі біліп, ақыл-есін, етек-жеңін ыждаһатты күймен жинап, серіппедей серпіліс пен сілкініске түсіп, өмірлік бәсекелі жарысында қатар-құрбы, замандастарынан оқ бойы өзін де, бала-шағасын да оздырып жатса, бұл – теңдесі жоқ ғанибет қой! Сонда ғана ендігі жердегі өміріміз жаңа бағыттың озық жаңаша арнасына тезірек түсетіні ақиқат. Қысқасы, бүгінгі қазақ еліне «Алаш отбасын асылдандырмай өлмеймін!» деп аттан бір сәтке де түсуді білмейтін қажымас көкжал қайраткер, текті ұлдарымызды, тәрбиелі қыздарымызды бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаулата білу ауадай қажет.
Әлбетте, Алаш баласы, қандай күйде жүрсек те, қалай болған күнде де, өмірлік ұлттық ағымды тезірек озық дәрежеде жаңаша жаңарту мен жақсарта білуге деген айрықша мүдделі ыждаһаттықпен құлшыну, биік белестерге ерекше ынталы іңкәрлікпен ұмтылу, бұл – жақсы кісілік пен асыл адамгершіліктің нышаны.
Ең бастысы әйел бақыты – отбасы бақыты екенін дұрыс ұғынып, терең түсініп, сол айтулы үздік бақытқа қалай болған күнде де қол жеткізе білу жолында жанқияр мүдделі кісілікпен күресе білу, бұл – бақыт атаулының ең ұлысы.
Сондықтан да ендігі ағымдағы уақыттың бәрінде адастырмайтын ұлттық ұлы компосты қолға ала отырып, даналық пен ұлылықтың сара жолына түсу үшін, төмендегі ақыл-кеңестерді қазақ қыздарының, әсіресе отбасын құрған әйелдердің назарына ұсынғанды жөн санадық.
Сөздің шыны керек, ұлтқа ұсынғалы отырған жанашырлық ақыл-кеңестеріміз теңдесі жоқ дәрежеде ойсырап ұтылып жүрген қазақ қыздары, ұлтсыздықпен, тексіздікпен, тәрбиесіздікпен… мәңгүрттенудің аса ауыр кесапатты қасіреттерінен шұғыл түрде арылып, ұтымдылықпен жаңаша жаңғырудың да, жаңарудың да, асылданудың да, кемелденудің де ең төте жолы, дана бағыты екенін көрсету.
Әлбетте, өзінің ұл-қыздары мен немере-шөберелерін қатарынан қайткен күнде де оздыра білуге қатысты мүлде мүддесіз, күрессіз, ұлтсыз, тәрбиесіз, тексіз, білімсіз, біліксіз, күрессіз, надан, дәрменсіз… дәрежедегі туған мәңгүрт әке-шешесымақтан, ата-әжесымақтан міндетті түрде оза білуіміз керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ең алдымен, әрине, ақыл-парасаты, білім-білігі жетік болса, бойжеткен қыз заман қатаң талаптарына лайық өзін-өзі ізденімпаз талғамдықпен тәрбиелей білуге, үнемі жетілдіре түсуге қатысты, тілі мен мінезін, ой санасы мен өмірлік таңдауын қатал тезге сала отырып, жөнге түсіріп, дана жолдың сара арнасына сала білу, ақырында қатар-құрбы, замандастарынан оқ бойы оза білу, бұл – текті кісіліктің белгісі. Бұл – кемел ізденімпаз, қайсарлықтың айнасы.
Сонымен…
Ел үлгі-өнеге тұтуға, ұлт анасы болуға қандай әйелдер лайық?
«Баланы ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын.
Жеке бастың үлгілі өнегесімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай».
Сенека.
Әйел тілі қысқа, кешірімпаз,
Әдебі нұсқа, білікті талғампаз,
Отбасын сақтай білуде сабырлы,
Түсіністік пен ұстамдылықта шыдампаз,
Ашу-ұрысқа түспейтін ізденімпаз,
Өсек-аяңға ермейтін озық тәрбиелі,
Азғындауға бармайтын салмақты,
Мейірім нұрын айнала төгетін ақылды әйел,
Алаштың тұқымын көктетіп, өрбітуге құмар,
Отбасын қайткенде де бақытты етуге құштар,
Адал ананың ақ уызына толыққанды жарыған,
Инабатты, ибалы қыз, әйел, бұл – ең дана әйел!
Мұндай әйел – ұлт анасы болуға ең лайықты әйел!
Бұндай текті әйелі бар қазақтың отбасы өнегелі,
Ұл-қыздары мен немере-шөберелері ұлағатты,
Қоғамдық ортада абырой-беделі аса жоғары,
Өмірлік бақыт жұлдызы қашанда асқақ болады.
***
Иманды болу, ибалы болу – әр әйелдің парызы,
Ердің даңқын шығару – әйелдің ол бір қарызы.
Ұлы ата дәстүрге бағынған қыз
құл болмайды, қор да болмайды
Келешегім, Алаш ұлы мен қыздары, есіңізге сақта!
Дүниенің көрінген сырын да, көрінбеген сырын да көреген зейінді сергектікпен, текті, кемел кісілікпен қатар игере білген қыз-келіншек қана озық дәрежеде өнегелі өмір сүре алады. Айталық, кешегі өткен есті де текті, ұлы заман сахнасында қыз-келіншек атаулы ер-азаматтың түзде жолын, үйде алдын кесіп өтуді білмей, отбасында ұрыс-керіс дегеннің не екенін түсінбей, тек шуақты жылылықпен өсіп-өне білген, гүлдеп көркейе білген, текті кісілігі асқақ, ұлағаты орасан зор, теңдесі жоқ үлгі өнегесі мол, айтулы ұлы Алаштың көркем мінезді, мәдениетті, тәрбиелі, ибалы да әдепті, намысты да арлы… ұл-қыздары емес пе едік, қайран, Алаш баласы?! Ал бүгінгі таңдағы қыз-келіншектер ше…
Қазақ халықы өлімнен – ұят күшті деп іңкәрлікпен ұлылықтың шыңына шықпай тынбайтын ұлы халық едік. Ұят дейтін құдірет кез келген қыз-келіншектің ең қымбат, ең абзал қасиеті саналатын ар-намысынан бүгінде жұрдай болуы қандай өкінішті. Айталық жүгенсіз қызды өрбіту қауіпті бағытынан жаңылуды білмейтін әке-шешесымақ, ата-әжесымақтылар ел аманда, ел, ұлт, ұрпақ алдында теңдесі жоқ ең сорақы үрдісі неге қаулап жатыр? Әдетте, сөз жоқ, ұлттық мемлекеттік имиджке қарсы жүретін қатері зор хас жаудың өзі міне, солар. Күрес аса тиімді болу үшін оларды жөнге салатын қатаң заң қабылдауды уақыт талап етіп отыр.
Сіздер, ерлі-зайыптылар, отбасында ең алдымен бір-бірлеріңізді мінсіз дәрежеде жанқияр дәрежемен қорғай білуге келгенде, қастерлей білуді оздыра білуге келгенде теңдесі жоқ ұлттық тұлғаға айналуға, кемеңгер пана болуға айрықша міндеттісіздер. Адасуға ешқандай да қақымыз жоқ. Өйткені әйелдің отбасына, әсіресе еріне деген әдепті сыпайылық пен суыспайтын сүйіспеншілікті үнемі жетілдіре отырып, ұтқыр, кемел, текті кісілікпен оздыра білуден асқан ұлы құдірет жоқ. Ұлы ата дәстүрге бағынған қыз құл болмайды, қор да болмайды. Ендеше Ар алдында – Дар алдында тұрсыздар. Ардың жүгі нардың жүгінен де ауыр. Бұны өле-өлгенше ұмытпа! Бұл – бір. Екіншіден, ұлттық намысты мінсіз қорғай білуде, арды кіршіксіз сақтай білу де, отбасын бақытты ете білу де – ерлік! Үшіншіден, текті көрегендік пен есті кісілікке лайық даналылығы мен өнегесі зор, ұлағаты мол, ізденімпаз да кемеңгер әке-шеше бола білу, қалдырған ізі ұрпаққа өнеге, өсиеті үлгі, абыз ата-әжеге айнала білу – нағыз кемелдік! Төртіншіден, өткен ата-бабалармен емес, ендігі жерде, ХХІ ғасырда тек қана текті, жан-жақты білімді, білікті, кемеңгер тұлға етіп өрбіткен ұл-қыздарымызбен, немере-шөберелерімізбен, шәкірттерімізбен ғана әлем алдында тік тұрып мақтана алатын, марқая алатын алтын үрдістерді тезірек орнықтырып, оздыра білу – көсегені көркейтетін көсемдік! Бесіншіден, күллі ұлт, халық, ұрпақ алдындағы қарызымыз бен парызымызды мінсіз дәрежеде өтей білу – қыл көпірден сүрінбей тек қана аса айрықша мәртебелі абыроймен өте білу екенін ешқашанда ұмытпа, алтын келешегім! Алтыншыдан, «Қазақ елі, әлемдік ұтымды 30 елдің қатарына, тек қана 30 миллион өнегелі қазақпен қосыл!» пәрменді ұлттық ұлы ұсынысты жүзеге тезірек асыру мақсатында бәріміз де жұдырықтай жұмылып, ерекше жанқияр белсенділікпен атсалысу – бар қазақтың алдында тұрған ең алтын әрі ең ұлы міндет! Жетіншіден, қазақ халқы көреген, кемел, текті кісілікпен тек көшбасшы болуға лайық кемеңгер ұрпақтарды қаулата білуге жаралған!
Ұрпақты ұлыққа жұмса
Заман талаптарына лайық өсуге міндетті ер-азаматтың ел басқарушысы, билік айтушы шын халықшыл ұлық тұлғалардың, біртуар көкжал қайраткерлердің алдын жиі көріп өскені абзал. Оларға еліктеу арқылы ұқсауға, солардай болуға деген құштар құлшынысымен өскен бала, кейін тұлға бола білудің сыры мен қырын тезірек игеріп, қол жеткізеді. Сонымен бірге әке-шеше ең алдымен өздері кітапты көп оқудың, жетіле түсудің өнегелі үлгісін өле-өлгенше көрсете жүріп, өз ұрпақтарын техникалық фантастикалық кітаптарды көбірек оқуға баули білсе, ақырында олар ізденімпаз өнертапқыштықпен тың технологиялық жаңалықтарды жасақтайтын және атақты ғалым бола білудің даңғыл жолына жетелейтіні, түсіретіні даусыз ақиқат.
Ағаш жапырағымен ғана көрікті,
Адам ұрпағымен ғана көрікті.
Қазақтың ең жарқын болашағын баянды ететін – көп балалы алтын құрсақ аналар екені айтпаса да түсінікті. Десек те, қазақтың санының өсуі де, өшуі де, алдымен өз ұлтын жанындай ерекше күймен сүйе білетін, патриоттық рухы асқақ, ұлттық намысы зор, есті де текті қыз-келіншектердің ұрпақты көбейте білуге деген ерекше мүдделі белсенділігі мен қажымас қажырлы азаматтығына байланысты. Сонымен бірге ұлттық ой санамыздың да, оның сапалық құндылығының да шектен тыс құрдымға жетуі немесе жаңа асыл деңгейге жаңаша көтерілуі алдымен отбасымыздағы, қоғамдық ортадағы әйелдерге байланысты.
Иманға, тәубеңе кел, аяулы ару, сүйікті қыз-келіншектер!
Сіздер қоғамның гүлісіздер! Ерте солмаңыздар, ұлт келешегін терең ойлаңыздар. Сіздер ең мейірімді апа, жанашыр қарындас, мәңгілік асыл жар, аяулы да ардақты ана, өнегелі алтын әжесіздер. Жаңа ғасыр – жаңа жаңашыл жасампаздық пен бастамашыл жаңа патриоттың айрықша белсенділігін күтеді. Отбасында өз ерлеріңізді қастерлеп, құрметтей біліңіздер, сүйіңіздер. Қоғамды, әсіресе еркекті терең тебіреніске, жаңа сілкініске түсіре отырып, бірге сырласыңыздар! Бір-бірлеріңізге айнымас жанқияр тірек, суыспас мәңгілік сүйеніш бола біліңіздер. Адамзатта көп балалы ана бола білу, әкелген ұрпағын бақытты ете білу қамына қатысты, теңдесі жоқ ең игілікті ұлы істердің ішіндегі әйел бақыты – әлемдік ең ұлы бақыт!
Өмірге көп бала әкелу – өмір мен өлімнің арпалысқан сәттегі ең қауіпті қыл көпірлі тажалынан аман қалу, кейін оларды қажымас ізденімпаз іскерлікпен аяғына тұрғызып, көреген кемел кісілікпен сан салаға еркін самғата білу, бұл – көзсіз ерен ерлік екенін жақсы түсінеміз.
Алайда, соғыста батыр болу – бір сәттілік, уақытша ғана батыр. Адал, шын батыр – өмір бойына, өле-өлгенше жанқияр халықшыл, шыншыл, турашыл, күрескер, қайраткер болады. Бүкіл ел, ұлт, ұрпақ, шәкіртті бақытты ете білу мақсатында өмірлік шындық үшін шайқасып, ақиқат үшін айқасып, аттан бір сәтке де түспей тәуелсіз елдік үшін алысып өтеді. Ұлт, халыққа, ұрпаққа аса тиімді әділ құрылымды ұтқыр дәрежеде оздыру жолында басын бәйгеге тіге білудің ең озық үлгі-өнегесін оздыру қамына бар өмірін, күш-қуатын сарқа арнайды. Қаһарман батыр – күрескер батырлық пен принципшіл асыл азаматтықтың озық үлгі-өнегелерін бүгінгі және келешек ұл-қыздарымыз бен немере-шөберелеміз, шәкірттеріміз үшін үнемі жетілдіре отырып, құрыштай шыңдап, теңдессіздікпен оздырып өтеді. Бұндай ең құдіретті қабілет-қасиетке лайық нағыз текті батыр, бір сәттілік ұпай мен байлық, атақ-сыйлық үшін халықшыл азаматтыққа мүлде қарсы екіжүзді сатқындыққа, жағымпаз опасыздыққа, … өлсе де бармайды. Керісінше, ұлтсыз, тәірбиесіз, біліксіз, парақор, дүниеқор билікті, тексіз ұлды, тәрбиесіз, әдепсіз қызды қатаң тезге салмай, дана жолға түсірмей өлмейтұғын текті ақсақалдықтың орасан зор рухтық құдіретін бұрынғыдан да бетер айдай айшықтап оздыра түседі.
Қазіргі таңда өкінішке қарай, ХХІ ғасыр сахнасында, бүгінгі қазақ елінде өмір бойына, өле-өлгенше тәуелсіз елдік үшін, ұлт, халық, ұрпақ қамы үшін ат үстінде жарық жұлдыздай жарқырап жүріп, жанқиярлықпен жалындап күресе алатын, адал туған қаһарман батырға лайық, есті де текті, кемел де адал ақсақал атаулыға аса айрықша дәрежеде зәру күйде отырған елміз. Өйткені батырға лайық нағыз жанқияр халықшыл, әділ де турашыл, есті де текті, кемел ақсақал мен қаһарман батыр атаулының түбегейлі құрдымға кеткелі қай заман?!
Ал Сіздер, ақ жаулықты аяулы да, ару аналар, мәңгі қаһарман батырсыздар! Сіздер өмірге ұрпақ әкелу, оларды озық дәрежеде өрбіту жолында шын мәнінде жанын қияр күйдегі күрескерсіздер! Сіздер қажымас қайсар қайраткерсіздер! Сіздер өмірлік қаһарман батыр бола білудің алтын символысыздар!
Ендеше ұлтыңды қайткен күнде де ең бақытты, теңдесі жоқ өнегелі де үлгілі ұлтқа айналдырудың мақсатында Мәңгілік Елдікке лайық көп бала өрбіте білудің және оларға озық та ұтқыр тәлім-тәрбие берудің теңдесі жоқ даналығы мен кемеңгер ұлылығын жаңаша оздыра түсіңіздер!
Сіздердің өмірлік мәңгілік алтын қазыналарыңыз – алдымен өз отбасыңызға, мәңгілік тірек-сүйенішіңіз, ең сүйікті күйеуіңізге, бала-шағаңызға, сонымен қатар күйеуіңіздің жанбауырлары мен туыстарына, достарына деген ешқашанда суыспайтын ең ынтық да ең ыстық махаббатты берік сақтай біліңіздер!
Мақсатсыз өмір – тұл
Парасатты адам өзіне не қажет екенін, текті кісілік пен кемелдікке қол жеткізу жолын жақсы біледі. Парасатты ақылды адам ұрыс-керістен, кикілжіңнен басын алып қашады. Сондықтан көрегенді текті кісілікпен ұрыс-керістің… үнемі алдын алып отыруға озық дәрежеде дағдыланады. Кез келген мәселені мәдениетті бәсең дауыспен талқыласа, парасатты ақылмен шешімін табуға құлшынса, суыспайтын сүйіспенді түсіністік пен ең шуақты тыныштық орнайды. Сонымен бірге әр әйелдің өз отбасында көркем мінезділігі, салмақты сабырлығы, кең жүректі ақылдылығы, ақ жарқын кешірімпаздығы, бекзат адамгершілігі мен асыл азаматтығы анағұрлым басым дәрежеде өнегелі бола білу, бұл – шипалы әйел күйеуіне мейірімді анасындай болып кетеді. Бұндай әдепті, мәдениетті, шипалы әйелдер өз отбасын бақытты етпей қоймайтын ең бақытты әйелдер! Бұндай есті, текті әйелдер бүкіл ел-жұрт үлгі тұтатын айтулы өнеге айнасына айналады. Демек, бұлар кемел, мінсіз, текті әйелдер. Бұлардың әрқайсысы кез келген қыз-келіншек үлгі тұтуға да, еліктеуге де тұрарлық тұлға. Бұларға қарата Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Ерлердің арасында кемелдікке, мінсіздікке жеткендері көп, ал әйелдердің арасында кемелдікке жеткен төрт әйел бар. Олар – Имранның қызы Мәриям (радиаллаһу анху), Мұхахимнің қызы, Перғауынның әйелі болған – Әсия (р.а.), Хуайлидтің қызы, хақ мұсылмандардың анасы саналатын Хадижа (р.а.) және Мұхаммед (с.а.с.) қызы Фатима (р.а.) деп айтып, үмбетінің осы әйелдердің өмірін үлгі тұтуға кеңес берген». Өйткені, олар өле-өлгенше көркем мінезділік пен иманды кісіліктің ең жоғары шыңына шыққан жандар.
Қорыта келгенде бүгінгі барша жұртқа айтарымыз: «Шығармашылық иесінің бақыты – тақырыбын табумен байланысты» демекші, Ұлы Даланың қазақ ұрпағының, әсіресе аруларының ең ұлы мақсаты – ХХІ ғасыр сахнасында өз дара жолын қапысыз тауып, дана жолдың сара арнасына түсіп, қазақ деген Мәңгілік елдің Көкбайрағын көкте желбірете білу, бүткіл ел, ұлт, ұрпақ, отбасы мәртебелі абыройы мен мерекелі мерейін асқақтата білу бағытында әлем жұртшылығын таңқалдырмай қоймайтын дәрежеде бола білу болса керек. Яғни үрім-бұтақтарыңыздың бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде еселене көбею үрдісімен өркені өссін, Алаш жұрты!
Адам, әсіресе ерлі-зайыпты жұп әке-шешенің әрқайсысы өмір бойына, өле-өлгенше өзіне-өзі үлгілі өнегесі ұтқыр, ұлағаты орасан зор, озық дәрежеде ұлық Ұстаз бола білу, бұл – көреген кемеңгер, іскер кемелдік пен тектіліктің белгісі. Ендеше өмірлік ең озық үлгілі өнегемен ғана Мәңгілік Елдіктің шыңына ұдайы желпіне түсудің арқасында қол жеткізе біл, қайран, қазақ!
Олай болса, осынау ұлы бағыттың қамы үшін аянбай өлшеусіз тер төге жүріп, елеулі үлес қосып, Қазақ елінің болашағын баянды ету, Тәуелсіз елдігімізді тұғырлы қылып, мәңгілік өнегелі де үлгілі, өркениетті ел болып қалыптаса білудің мақсатында намысты жандырып, мінезді түзеп, бірімізді-біріміз өнегелі қайсар белсенділікпен үнемі қамшылап, жаңаша озық та өнегелі, үлгілі өмірмен алға нық қадам басуымыз қажет! Ұлттық намыс пен озық ой сананы, теңдесі жоқ кемел, кемеңгер ұлттық болмысты ғарышқа самғата біл, Алаш ұл-қыздары!
Көсегеміз айрықша көктеуменен көгеріп, көркейіп өркендеген, гүлдей жайқалып құлпырған іргелі ел боламыз десек, алдымен отбасындағы ерін қастерлей білуде жаман аты шықпайтын тәрбиелі, көркем мінезді, иманды, ибалы, инабатты, текті қызды, сондай-ақ отбасына, бала-шағасына жанқияр дәрежемен мінсіз қорған бола білуге лайық күрескерлік қайсар өнегесі зор, кемел де іскер ұлды ұдайы жетілдіре отырып, тиянақты ыждаһаттылықпен қаулата білейік, қазақ!
Бұл ел, ұлт, ұл-қыздар мен немере-шөберелердің қамын есті де текті кісілікпен жан-жақты терең ойлайтын, солардың баянды бақыты үшін жанын қиятын әке-шешелер мен ата-әжелер үшін теңдесі жоқ мәртебелі абырой және екі дүниенің де ең жарқын бақыты!
Молдағали Матқан
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.