Маңғыстау ауданында «бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 157 млн. Теңгеге 4 жоба қабылданды

Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров тұрғындар алдында есеп беріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен жиында түйіткілді мәселелер көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді.

Маңғыстау ауданының халық саны – 38,5 мың адам. Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына бағытталған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 467,5 млрд. теңгені, негізгі капиталға салынған инвестициялар 38,9 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары 29,9 млн. теңгеге орындалды.Жалпы аумағы 46,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Шайыр, Қызан, Үштаған, Шебір ауылдарында төрт пәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін жергілікті бюджеттен 96,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.Аудан бойынша республикалық бюджет есебінен Шетпе ауылындағы «Ащыбұлақ-2» шағын ауданында 600 орындық орта мектептің құрылыс жұмыстары басталуда.

2017 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4513,9 млн. теңгені құрады. Жыл қортындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 6 051,9 млн. теңге салық пен төлемдер түсті. Маңғыстау облысында Бірыңғай кәсіпкерлікті қолдау және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту бағдарламасы аясында 157 млн. теңге көлемінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 4 жоба бекітіліп, 25 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы ауданда 1620 жаңа жұмыс орны ашылды. Орташа айлық жалақы 86488 теңгені құрады.

«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 2017 жылы Жармыш және Жыңғылды ауылдарында су тазарту және ауылдық су құбыры құрылыстары үшін республикалық бюджеттен 550,2 млн. теңге бөлініп, игерілді.Сондай-ақ, Жыңғылды ауылдық округіндегі ауылдарды ауыз және  техникалық сумен қамтамасыз ету және Жыңғылды ауылына есептеуіш құралдарын орнату құрылысы бойынша 2016 жылы  350 000,0 мың теңге, 2017 жылы 361 864,00 мың теңге қаржысы бөлініп, толық игерілді.Тұщыбек ауылындағы жеке тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау құрылысы  нысаны бойынша жергілікті бюджеттен 22 687,0 мың.теңге қаралды. Қазіргі таңда құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комисссиямен қабылдауға құжаттары дайындалып жатыр. 15 бекет елді мекенін электрмен қамту құрылысы нысаны бойынша жергілікті бюджеттен 21537,0 мың.теңге қаржы қаралып, толықтай игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссиямен қабылданды. Нысан пайдалануға беруге дайын», — деді аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров.

Қызан ауылішілік 5,7 шақырым автокөлік жолын салу жұмысына  102,9 млн. теңге бөлініп, 1,8 шақырым жерге асфальт төселді. Қалған бөлігі ағымдағы жылдың наурыз айында басталады.

Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкіміне төмендегідей тапсырмалар берді:

«Жеке инвестицияларды тарту, кең таралған пайдалы қазбалардың минералды-шикізат базасын (құрылыс материалдары) дамыту бойынша жұмысты күшейту қажет.Осы негізде «Каспий Цемент» зауытына ұқсасірі өндіріс орнын құру қажет.Ауыл шаруашылық бағыттары жолға қойылса да, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кенжелеп тұр.Ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу цехтарын құру, жылыжайлар желісін кеңейту, мал азығын өндіру базасын кеңейту қажет.Аудан теміржол торабында және автомобиль жолдарында орналасқандықтанжол бойындағы сервисті (жанармай бекеттері, қызмет көрсету пункттері, кафелер, дүкендер, жатақханалар) дамытуға мүмкіндік бар.«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық мектеп мен денсаулық сақтау ұйымында электронды құжат айналымын (электронды күнделік, электронды журнал, әр тұрғынның денсаулық паспорты) 100% енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын».

 

Республикалық бюджет есебінен қосымша қаржыландыру үшін министрлік қолдауымен жүзеге асырылатын жобалар:

  1. Шетпе ауылындағы кітапхананың құрылысы– 221,3 млн. теңге
  2. Жармыш ауылдық клубы – 403,5 млн. теңге
  3. Шетпе ауылындағы кәріз жүйесі – 1 400 млн. теңге
  4. Шетпе ауылындағы Косбұлақ тұрғын үй кешені ішкі су құбырының құрылысы– 620 млн. теңге
  5. Шетпе – Қызан жолының Тасмұрын – Мәстек учаскесі (36 км) – 2 652 млн. теңге
  6. «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала аймағы» автокөлік жолын қайта құрылымдау жұмыстары – 2 686 млн. теңге
  7. Тұщықұдық ауылы жолдарын орташа жөндеу жұмыстары – 280 млн. теңге
  8. Шетпе-Үштаған жолының орташа жөндеу жұмыстары – 390 млн. теңге

Айман Нұрмағанбет