Ойын-сауық саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды
Атырауда бұрынғы «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағының аумағы мемлекет меншігіне қайтарылды. Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов бұл туралы халыққа есеп беру жиынында айтты. Қала басшысының айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген.
Саябақ жері басында бизнес нысаны құрылысына берілген, алайда бірнеше жыл жаңа құрылыс жүргізілмеген. Уақытында игерілмегендіктен Жеңіс саябағы жанындағы бұрынғы ойын сауық аумағы мемлекет меншігіне кері қайтарылды.
Атырау қаласында 2017 жылы пайдаланылмаған 11, 7 гектар жер телімі мемлекет меншігіне кері қайтарылып алынды.
С.Муньянова